Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1772 /

Марат ШАКЕНОВ: «Мақсат – тасымалдау жүйесін оңтайландыру»

«Локомотив» АҚ құрылғаннан бері жылдар тезінде қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтті. Соған қарамастан кәсіпорын жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысында үздіксіз әрі тиімді жұмысты қамтамасыз етіп, заманауи ресурсжинақтаушы технологияларды енгізіп келеді, сондай-ақ, өнімділігі жоғары еңбек үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Бүгінде акционерлік қоғам  алдында өз ұстанымдарын нығайтуға қатысты үлкен міндеттер тұр. Ал бұл өз кезегінде теміржолшылардан жоғары кәсіби біліктілікті, орасан зор жауапкерішілік пен шеберлікті талап етеді. Кәсіпорынның жұмыс нәтижелері, сыртқы шақырулар және темір жолдағы қауіпсіздік мәселелері туралы «Локомотив» АҚ президенті Марат Шакенов әңгімелейді.
–    Марат Арапбекұлы, жаһандық қаржылық дағдарыс тасымалдау қызметіне қаншалықты кері әсерін тигізуде?
–    Әлемдік дағдарыс экономиканың барлық саласына әсер етуде. Жағымсыз тенденциялардың біздің де жұмысымызға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Сондықтан біз меншікті тиімділігімізді арттырудың барлық мүмкіндік атаулыға ие механизмдерін пайдаланудамыз. Биыл «Локомотив» АҚ өндірістік үдерістерді жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, энергоресурстарды үнемдеуге, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар мақсат-міндетін жұмылдырды. Білесіз бе, осындай аумалы-төкпелі кезеңде біз үшін ұжымды сақтап қалу өте маңызды. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан жұмысқа жаңа қызметкерлер алмауға шешім қабылданған. Себебі, біз үшін ең маңыздысы, локомотив бригадаларын жұмыспен қамтамасыз ету, және де бағалы кадрларды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Өйткені, кәсіби машинисті оқыту – еңбекті көп қажетсінетін үдеріс.  Бұл қызметті жүзеге асыру үшін арнайы оқулардан өтіп, машинист көмекшісі ретінде нақты бір уақыт жұмыс істеу, өзін көрсете білу керек. Шеберлікті шыңдауға көп жылдар кетеді. Ал орындалатын жұмыстың сапасы машинисттің білімі мен біліктілігіне, шеберлігіне байланысты. Осы арада, локомотившілерге ризамыз, олар бұл – өтпелі кезең екенін, біздің оны да жеңіп шығатынымызға қолдау көрсетіп, түсіністік танытуда. Біздің міндетіміз – барлық күш-қуатымызды өз жұмысымызға жинақтап, жұмсау.
Жалпы кәсіпорын жұмысына келсек, оның нәтижелері оң. Біз барлық негізгі көрсеткіштерімізді орындап шықтық. Мысалы, локомотивтерді пайдалануға қатысты сапалы көрсеткіштер толық көлемде орындалды. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспардан 4,6 пайызға жоғары. Жүк қозғалысындағы локомотивтің орта тәуліктік жүрісі 105,1 пайызды құрап отыр. Локомотивтердің пайдалы жұмыс уақыты  жоспардан 4,7 пайызға ұлғайды.  
–    Күрделі қаржылық ахуал шағында локомотив паркін жаңарту жағы қалай болып жатыр?
–    Біз үшін бұл маңызды және түбегейлі мәселе. Жаңа техникаларды сатып алу – кәсіпорынның инвестициялық бюджеті шығындарындағы басты бабы. Соның арқасында локомотив паркінің тозуы 80-нен 60 пайызға дейін төмендеді. Біздің алдымызда бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр.  Біз бүгінгі күнге дейін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ конвейерінен шыққан ТЭ33А сериясындағы 285 бірлік жүк тепловозын сатып алдық. 2019 жылдың соңына дейін ТЭП33А сериясындағы 110 бірлік жолаушы тепловозын сатып алуды  көздеп отырмыз.  Бұл техника өзін Қазақстан темір жолдарында жақсы жағынан көрсете білді. Локомотив паркіміз «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-да  Альстом технологиясы бойынша дайындалып шыққан  KZ8A сериясындағы жүк электровоздарының 25 бірлігімен толықты. Ал 2020 жылдың соңына дейін біз барлығы 200 бірлік жүк  және  95 бірлік KZ4AТ сериясындағы жолаушылар электровозын сатып алуға ниеттіміз. Жаңаның аты жаңа емес пе... Жаңа техникалар сервистік қызмет көрсетіліміне және отын-энергетикалық ресурстарға кететін шығындарды мейлінше қысқартады. Және біз үшін тағы бір маңызды фактор, оларда локомотив бригадаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда біз маневрлік тепловоздар паркін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Маневрлік тепловозға (алтыосьтік) қатысты техникалық тапсырма жасалып, бекітілген. Оның дайындаушысы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ болмақ.  
–    Білуімізше, кәсіпорынның негізгі функцияларының бірі – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Осы ретте, темір жолдағы қазіргі ахуал туралы не айтар едіңіз?
–    Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесінде соңғы жылдары оң тенденция қалыптасуда. Дәстүрге айналған профилактикалық жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық оқиғаларын төмендетіп келеді.  Біз көрсеткіштерді жақсартуға қатысты мақсатты жұмыстар жүргізудеміз. Адам факторының ықпалын азайту және алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша шаралар жасалды. Локомотив пайдалану деполары басшыларының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша маңызды көрсеткіштерге қатысты жауапкершілігі күшейтілді. Локомотив бригадаларын оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Әр депода техникалық сабақтар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. ТЭ33А, KZ4A сериясындағы локомотивтер бойынша локомотив бригадаларының техникалық білімдерін арттыру үшін оқытып үйретуші компьютерлік бағдарламалар сатып алынған, онда өртке қарсы қауіпсіздік, локомотив агрегаттары мен тораптар, қауіпсіздік құрылғыларының жұмысына бақылау жасау қарастырылған. Темір жол көлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша заманауи орталықта мамандар дайындалуда.  Қазіргі кезде 164 адам оқытылып жатса, 343 адам оқып шықты. Осы жылдың соңына дейін тағы 712 адамды оқытып, біліктілігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Оқу орталықтарымен бірлесе мамандарды дайындау бағдарламалары мен оқу жоспарларын қайта қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, машнинист-нұсқаушының жұмысына қатысты жаңа ереже әзірленді, онда оның деподағы рөлі мен функциясы қайта қаралған. Осы құжатқа сай ол локомотив бригадаларымен жүргізілетін жұмысқа көп көңіл бөлетін болады. Ал бұл өз кезегінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік бермек.
–    Түбегейлі түйіні шешілмей отырған темір жолдағы көкейкесті мәселенің бірі – пойыздарға адамдар мен малдың басылып қалуы, автокөліктің соқтығысуы. Бұл жағдайлардың болмауы үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
–    Расымен, бұл өте өзекті мәселе. Темір жолдағы мұндай төтенше, көңілге қаяу түсіретін келеңсіз оқиғалардың негізгі себебі – бірінші кезекте адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай, немқұрайлылық пен жауапсыздық танытуы. Мына деректерге қараңыз, үстіміздегі жылдың сегіз айында локомотив пайдалану деполарының машинистерімен адамдарды, малды және автокөлікті басып кетудің алдын алу үшін 2300-ден астам шұғыл тежегішті басқан оқиғасы тіркелді. 94 пайызға жуық жағдайда локомотив бригадаларының сауатты әрекеттерінің арқасында басып кетудің алды алынды.  Машинистер мен олардың көмекшілері қандай да бір қайғылы оқиғаның алдын алуға қолдан келгеннің бәрін жасайды, ал адамды басып кеткен және автокөлікпен соқтығысып қалғанда, олардың қалай қайғырып, жүректерінің сыздайтынын білсеңіз ғой... Олар қатты күйзеліске толы жағдайды бастан кешіреді. Сөз орайы осы шығар, мен барлық қазақстандықтарға қарата үндеу тастағым келеді: «Темір жолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар, өз өміріңізді және мыңдаған адам өмірін қауіпке-қатерге тікпеңіздер! Бір минут ұтамын деп, денсаулығыңызға зиян келтіріп немесе өмірмен қоштасуыңыз мүмкін».
Әрине, біздің тарапымыздан тұрғындар арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Локомотив бригадаларының қызметкерлері мектептерде, колледждерде тұрақты түрде қауіпсіздік сабақтарын жүргізіп, малдың қожайындарымен, адамдармен әңгімелесулер өткізіп тұрады, өтпелерде  «Назари аударыңыз, пойыз» акциясын өткізіп тұрады. Мәселен, автожүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге біз БАҚ арқылы шығып, үндей тастаймыз, насихат жұмыстарын жүргіземіз.
–    Энергия тасымалдаушыларға бағаның өсімі еліміздің әрбір кәсіпорынын қуат көзін үнемдеу тәртібіне көшуге мәжбүрлеуде. «Локомотив» АҚ бұл мәселені қалай шешуде, қандай энергияжинақтаушы технологиялар енгізілуде?  
–    «Локомотив» АҚ-ның барлық шығынының 40 пайызы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуға кетеді. Сондықтан энергия тиімділігін арттыру біз үшін де маңызды мәселе. 2013 жылдан бастап, «Локомотив» АҚ-на кезең-кезеңмен «Энергиядиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі  (АСУ ЭДТ) енгізілуде. Ол үнемде салмақты нәтиже бермек: дизельдік отын 13 пайыздан кем емес, электр энергиясы 7 пайыз деңгейінде үнемделмек. Аталған жүйе қазірдің өзінде энергия жинақтау нәтижесінде артықшылығын көрсете бастады.  Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында  12 мың тонна отын үнемделсе, өткен жылы бұл көрсеткіш  16 мың тоннадан асты. Бұл мәселе, Астанада өтетін алда тұрған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбында да өзекті болып отыр.  Бұдан бөлек, таяу жылдары бұл жүйе локомотив паркін пайдалануды тиімді жоспарлау мәселесін де шешіп беретін болады.  Сондай-ақ жыл сайын энергия тиімділігін арттырып, шығындарды азайтуға қол жеткізу үшін «Локомотив» АҚ-да бірқатар ұйымдастырушылық шаралары жүргізіліп келеді. Мәселен, локомотив бригадалары мен локомотивтерді пайдалану тиімділігін жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылды.
Локомотившілердің негізгі міндеті – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын мінсіз сақтай отырып, еңбек өнімділігін арттыру. Сол үшін локомотивтер қызмет көрсететін иіндер ұзартылуда. Бұл локомотив паркін тиімді пайдалану шараларының бірі, сондай-ақ, локомотивтер мен локомотив бригадаларын алмастырмай, қозғалыс ұзындығын ұлғайту есебінен жүк құрамдарының жүріс уақытын қысқарту қарастырылған.
Тағы бір маңызды жоба, соңғы жылдары автожүргізу жүйесі жасалып, енгізілуде. Оның басты мақсаты – машинистердің  еңбегін жеңілдету, ол өз кезегінде рейс кезінде машинистің жай-күйіне оң әсер етумен қатар қозғалыс қауіпсіздігіне де жайлы болып отыр.
Автожүргізу жүйесі –тұрақты өзгеріп тұратын бағдардағы пойыз жағдайына, тұрақты және уақытша жылдамдық шектеуіне, бағдаршамдар сигналдарына, нақты локомотив пен пойыздың тартымдық және тежегіш сипаттамасына, нақты телімдер мен құрылғылар толы аралықтарды жүріп өту жағдайына, осы сияқты өзге де факторларға байланысты оңтайлы қозғалыс жылдамдығын жүзеге асырып, есептейді.
–    Демек, бұл жаңа технологиялар бүгінгі күннің жемісі. Ал «Локомотив» АҚ келешегіне қандай міндеттер қойып отыр?
–    «Локомотив» АҚ  үшін сапалы жаңа даму кезеңі басталуда. Атқарылып  жатқан көлік қызметтеріне талаптардың өсуі «Локомотив» АҚ базасында Бірыңғай жүк тасымалдаушы компаниясын құру қажеттілігін туындатуда. Бұл жұмыс көптен бері қолға алынып, жасалып жатқан  «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның  2020 жылға дейін Даму стратегиясы шеңберінде жүргізілуде.  Оның бірінші қадамы, бізге «Локомотив сервис орталығын» қосу болмақ. Қазіргі таңда сәйкесінше, Қайта құру бойынша шаралар жоспары түзілді. Бірыңғай жүк тасымалдаушысы компаниясын құру, барлық жүк түрінің ұтымды мақсатты тасымалын қамтамасыз етуге ықпал етпек.  Әдетте, бұл көрсетілетін көлік қызметтерінің сапасын арттыруға әкелмек.
–    Әңгімеңізге рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Сұлугүл БАКЕСОВА
Казахстан темиржолшысы
Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер