Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1687 / 01.10.2015 15:35

Өз өміріңді сақта!

Сәрсенбі күні «Локомотив» АҚ филиалы – Астана локомотив пайдалану депосының қызметкерлері Астана қаласының №61-ші қазақ және №36-шы орыс мектебінің оқушыларымен кездесіп, темір жолдан өту ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
–    Бұл дәстүрге арналған шара десек те болады. Жыл сайын біз болат жолға жақын орналасқан мектептерге барып, оқушылармен, лажы болса олардың ата-аналарымен кездесіп, темір жолдан өту, болат жол бойында өздерін ұстау ережелерін түсіндіреміз. Биыл да «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаровтың бұйрығы негізінде, «Локомотив» АҚ-ның пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Нұрлан Көшербаевтың факсограммалық нұсқауына орай, бөгде адамдарды жылжымалы құрамның басып кетуінен сақтау мақсатында мектеп жасындағы балаларға «Темір жол қауіптілігі жоғары аймақ», «Өз өміріңді сақта!» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырған жайымыз бар, – дейді Астана локомотив пайдалану депосының еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері Гүлзат Әлжанова.
Кездесу барысында депо қызметкерлері мектеп оқушыларына темір жолдан өтерде, кез келген жерді қиып өтпей, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы өтпелерден, көпір үстімен өту керектігін, әсіресе, темір жол аумағында кешкі және түнгі уақыттарда ерек абай болу қажеттігін айтты. Сонымен қатар құлаққап тағып алуға, ұялы телефонмен сөйлесуге, пойыз келе жатқанда кесіп өтуге тиым салынатынын жеткізді.
–    Келе жатқан жылжымалы құрамды көрген кезде басқа жаққа көңіл бөлмеңіз. Ешнәрсеге ұрынбаңыз. Былтыр 10 жасар мектеп оқушысы аспалы көпірмен өтіп бара жатып, бір сымды аяғымен теуіп көремін деп, 36 000 кВт-тық тоққа ұрынған. Тоқ кернеуінің күшімен бала көпірден екі рельсті жолдың ортасына құлап түсіп, қаза болды. Оны дер кезінде байқап қалған жолаушылар пойызының машинисі тоқтап, тиісті жерлерге хабар берген. Сондықтан темір жол бойында балалар жеке бас қауіпсіздігін сақтауға аса көңіл бөліңіздер. Тұман, жауын-шашын, аяз, ыстық күндері, яғни жылдың төрт мезгілінде де адам темір жолдан өту кезінде өте сақ болуы керек. Пойыздардың екі жақтан келетінін есте сақтаңыздар. Рельсті, шпал үстіндегі майды басуға болмайды. Қатты келе жатқан пойызды  шұғыл тежегеннің өзінде  ол біршама қашықтықты жүріп барып тоқтайды. Егерде қарама-қарсы өтіп бара жатқан екі пойыздың ортасында қалып қойсаңыз, тез арада жерге отыра қалыңыз немесе жата қалыңыз. Бағыттағыш бұрмалардың бойымен кесіп өтуге болмайды. Оны айналып өту керек. Бағыттамалы бұрмалар ашылып-жабылғанда, ортасына адам аяғы қалып қойса, сынып қалады. Рельсті жолдар үстіне бөгде заттар қоюға, жолаушылар пойыздары құрамындағы вагондардың әйнектерін зат лақтырып, сындыруға, пойыздың астынан өтуге, перронда жолға жақындап тұруға, жылжымалы құрамдарға жабысып мініп алуға, жүгіруге, электр сымдарын ұстауға болмайды, – деп болат жол бойында қауіпсіздікті сақтау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірген жетекші инженер кездесу соңында балаларға жеке бас қауіпсіздігі жайлы парақшалар таратты.
Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, Компания бойынша қауіпсіздікті сақтау ережелерін түсіндіру жұмыстарының тұрақты жүргізіліп, көп адамды қамтуына қарамастан адамдарды және қара малды басып кету оқиғалары жиілеп кеткен екен. Мысалы, биылғы жылдың бір ғана тамыз айында адамның басылып қалуына қатысты 7 оқиға тіркелсе, малды соғып кету фактісіне қатысты 10 оқиға тіркелген екен.  
Поделиться:
Популярные новости
1762 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1504 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1366 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер