Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1660 / 21.09.2015 00:00

Қозғалыс қауіпсіздігі тікелей «үйдегі ауа райына» байланысты

Павлодар пайдалану локомотив депосында отбасының екінші мүшелерін — машинистердің және машинист көмекшілерінің жұбайларын шақырумен мәжіліс өтті. Онда «Локомотив» АҚ бас инженері Дулат Ахмадиев қатысты. Ол қозғалыс қауіпсіздігіндегі жұбайлардың атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Яғни, қамқоршы өмірдегі серігі машинист күйеуін сапарға психологиялық тұрғыдан дайындап, тыныш демалуына мүмкіндік бере алады.

Дулат Ахмадиев сондай-ақ теміржолдың дамуы, соңғы жетістіктер мен басымдықтар туралы айтты. Әлемдік қаржылай дағдарыс локомотив шаруашылығын жұмысына да әсер еткені туралы әңгіме жеке тақырып болды.

— Қазір өз қаражатыңа өмір сүру уақыты келді, сондықтан да несие алмас бұрын жеті рет өлшеп алу керек,- деген кеңес берді.

Павлодар пайдалану локомотив депосының директоры Мұхтар Қанатбаев апатсыз жол сапардың болуына отбасындағы климаттың әсерін анықтады. Ол жұбайларына күйеулерінің демалуына және еңбектенуіне жағдай жасауларын сұрады.

— машинистердің жұмысы жұбайларының көңіл күйлеріне тікелей байланысты. Теміржол көлігінде құпия ереже бар: машинистердің әйелдері-де — пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне жауап береді. Күйеулерінің жұмыс алдындағы демалысы мен дұрыс тамақтануы оларға байланысты,- деді ол.

Машинист Николая Чиморенконың жұбайы Наталья Дорофеева да теміржолда жұмыс істейді. Бір салада жұмыс істеу отбасын жақындатады. Оның айтуынша, оның отбасының бақыты- өзара түсіністікте.

— Машинистердің әйелдеріне айтатыным -барлық жерде күйеулеріңізге көмектесіңіздер және қолдаңыздар,-деді ол.

Машинист Виктор Бухарин 7 жастағы Полина атты немересімен келді. Ол атасына Германиядан келіп, шын көңілімен атасының қайда жұмыс істейтінін көру үшін келген.

Кездесудің соңында локомотив депосының дамуына маңызды үлес қосқан және өз әріптестеріне үлгі болған машинистер мен машинист көмекшілері грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Машинистердің жұбайлары күйеулерінің қандай жағдайда жұмыс істейтінін, басшыларға кез келген сұрақпен келуге, жұмыс берушімен машинистердің денсаулықтарын қолдау үшін не жасалып жатқанын көретін мұндай кездесулерді өткізу- «Локомотив» АҚ барлық филиалдарында жыл сайынғы дәстүрге айналды.


Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер