Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1742 / 28.09.2015 09:36

Темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесі

Жүр: Ерлік.Ерен еңбек. Кәсіби біліктілік. Енді, осы үш тағанды берік ұстанатын мамандар жайында сыр шертсек. Тілшінің материалына арқау болған кейіпкерлер темір жол саласына тер төгіп жүрген есіл ерлер.Қажымас қара нарлар.Тіпті «батырлар» деуге де болады. Өйткені олар өжеттігімен, батылдығымен, ондаған, жүздеген адамның басына төнген қауіп-қатерді қайтара білді. Біз бүгін, алып шойын арбаларды тізгіндейтін, локомотив машинстері мен көмекшілерінің ерен ерлігі мен қажырлы қызметін баян етпекпіз.

Мәтін: Тамылжыған тамыз айында №39 «Санкт-Петербор» жолаушылар пойызы Қостанай бағытында жүйткіп келе жатады.Қырағы тізгіншілер темір жол өткелінде үш тіркемесі бар трактордың тоқтап тұрғанын бірден байқайды.Бірақ, ауыл шаруашылық техникасы кенеттен қозғалып,темір жолды кесіп өтпек болады. Оқыс сәтте, бірінші сыныпты машинист Александр Фурсов кәсіби шешім қабылдап, сағатына 84 шақырым жылдамдықта жүйткіген алып техниканың жедел тоқтату тежегішіне басып, жылдамдықты бәсеңдетіп үлгереді.

СНХ: Александр ФУРСОВ – «ЛОКОМОТИВ»АҚ МАШИНИСТІ

Аударма: Менің ұстазым Виктор Дмитриевич Лозовой үнемі: сен әуелі қанша халық отырғанын ойла,балалар мен аналардың амандығы сенің мойныңда- деп ақыл айтушы еді. Осы өсиетті өмірлік ұстаным етіп келем.Жалпы, кез-келген машинист, мейлі ол Қазақстанның темір жолында істесін,Ресейдікі болсын барлығы да біз секілді шешім қабылдап, жолаушыларды аман алып қалуға тырысады деп ойлаймын

Мәтін: Осылайша,30 жылдан астам жұмыс өтілі бар, тәжірибесі мол, кәнігі маманның арқасында 13 вагондағы жолаушылар тегіс аман, ешкім зардап шеккен жоқ. Тосын оқиға тұсында машинистің көмекшісі Совет Қолдыбаев та қол қусырып отырмай, кәсіби шебірілігін көрсетті, ол алып техниканың жылдамдығын азайтуға атсалысып,жолдан шығып кетпеуін қадағалады.

СНХ: Совет ҚОЛДЫБАЕВ – МАШИНИСТІҢ КӨМЕКШІСІ

Аударма: Темір жол өткеліне небәрі 200 метр қалған болатын.Әбден жақындағанда әлгі тіркемелеріне шөп тиеген трактор, жолды кесіп өте бастады. Мен нұсқау бойынша жолды боасту керектігін білдірііп, дыбыстық белгілер бердім.

Мәтін: Көлік қозғалысы ережесін өрескел бұзған трактор жүргізушісі,жауапқа тартылып, «Локомотив» ақционерлік қомағына қомақты өтемақы төлейтін болды. Осыдан 2 жыл бұрын Маңғыстау бекетінен 5 шақырым қашықтық жерде мұнай тиелген 56 вагондық жүк пойызының жанармай көлігімен соғысып, машинист көмекшісінің қаза тапқаны есте болар. Пойыз машинисі Берік Құлбарақовтың денесінің 30 пайызын күйік шалса да, тілсіз жаумен жанқиярлықпен арпалысқаны бүкіл жұртқа аңыз болды. Баршаға батырлығымен танылған жігіт «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

СНХ: Сейлхан ЕРЖАНОВ - МАҢҒЫСТАУ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

/ Өзі жанып, күйіп жүрсе де, артқы секцияға мініп, екінші секцияяға сол жерден рациямен кезекші диспетчерге хабар беріп, қалған 20 вагонды ары қарай состваты, артқа қарай алып кетуіне көмек сұраған/

Мәтін: Өкінішке қарай, 24 жастағы жас жігіт, көмекші машинист Нұрболат Жасанов оқиға орнында қаза тапты.Анығы,жол ережесіне салғырттық танытқан жүргізушінің салдарынан қайтыс болды.Ал, Берік Ғалымұлы содан бері алып техниканы айналып өтеді. Денсаулығына байланысты енді поезді тізгіндей алмайды. Екі жыл өтсе өртпен арпалысқан күнім, құрдасымның қызыл жалынның құрбаны болған сәт әлі есімнен кетпейді дейді – өз ісіне адал , өр тұлға.

СНХ: Берік ҚҰЛБАРАҚОВ - МАҢҒЫСТАУ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

/ 2 секция болады.Соның арасынан шыға алмай жатқанымды білем.Сосын түсіп Нұрболатты іздегенім есімде. Сосын ауруханаға алып кетті.Ал больницадан кейін есімнен танып қалдым/

Мәтін: Жыл басынан бері осы тектес 14 оқиға тіркеліп, 2 адам жапа шегіпті. Мұндай жайттар көбінесе автокөлік тізгіндеушілердің жол ережесіне немқұрайлы қарауынан болатын көрінеді. Өткелдегі қауіпсіздік мәселесінің алдын-алу үшін акционерлік қоғамның өкілдері ауқымды акциялар ұйымдастырып,жүргізушілерге ережені сақтау керектігін ескертуде.Бірақ,өткелден өміріне қауіп тілейтіндердің қатары азаймай отыр.

Заңғар Санай Ғылымхан Сарсенбай «Біздің уақыт»

Бағдарлама: «Біздің уақыт»

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер