Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1567 / 25.09.2015 17:19

«Өз үй – өлең төсегің» жайлы болса...

Ер-азаматтың бірінші байлығы, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін» ақ жаулықтылар қауымының қай қоғамда да орны ерекше. Еліміздегі локомотив пайдалану деполарында машинистер мен машинист көмекшілерінің әйелдерімен кездесу баяғыдан игі дәстүрге айналғанын былайғы жұрт біле ме?

Мәселен, жақында Павлодар локомотив пайдалану депосында машинистер мен көмекші машинистердің үйдегі жан жарларын арнайы шақыра отырып, алқалы жиналыс өткізілді. Бұл жердегі мақсат, күйеулерін алыс-жақын сапарлардан үйде алаңдап тосумен болатын локомотив бригадалары еңбеккерлерінің жұбайларымен емен-жарқын сұхбаттасып, теміржолшы қызметінің маңыздылығын, оларға жұмысқа, яғни жолға шығар алдында жайлы демалысты қамтамасыз етудің айрықша өзектілігін түсіндіру.

«Локомотив» АҚ бас инженері Дулат Ахмадиев жиын басында атап өткендей, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, алтын құрсақты аналар мен ақылды нәзік жандарға да тығыз байланысты. Өзіңіз қараңызшы, лайықты тынығып, күш жинаған ер азаматтар алып машинаны тізгіндеген кезде түрлі оқиғаларға аса қырағылық танытып, білек сыбана кіріскен міндетін сергек атқаруға тырыспайды ма?! Демек, тұрмыс ауыртпашылығын бірге көтерісіп, қиындықта сабырлы кейіптен айнымау, отағасын сын сағатта қолдай білу көп түйткілді тарқатуға тікелей септігін тигізері анық.

«Локомотив» компаниясының басшы өкілі, сондай-ақ, болат жол саласындағы соңғы жетістіктерге, болашаққа межеленген жоспарларға тоқталып, қазіргі қалыптасқан ахуал, кәсіпорындағы қаржылық деңгей төңірегінде әңгіме қозғады.

– Бүгінде, расы керек, жағдай мәз емес. Әлемдік экономиканың күрт нашарлауы, темір жолдың кіріс көздеріне де бірден әсер етті. Сондықтан, шығындарды ықшамдауға мәжбүрміз. Ең бастысы тауқыметтерге мойымай, кадр әлеуетін сақтап қалу абзал. Қатаң үнемдеу тәртібіне көшкендіктен, мысалға, несие алар сәтте мың рет ойланып барып шешім қабылдау керек, – деді бас инженер.

Павлодар локомотив пайдалану депосының директоры Мұхтар Қанатбаев та отбасыдағы татулықтың өндіріске оң реңк беретініне келісті. Оның айтуынша, әйелдер жағы тартым құралын басқарушы локомотившілердің үйден сапарға толыққанды демалған күйде аттануы үшін бар жағдайды жасауы керек. Әйел адамның асы қайнап, дастарханы жайнап, бәрінен бұрын қабағы ашық, көңіл-күйі көтеріңкі күйде күйеуін қарсы алып, шығарып салып жатса, ер-азаматтың да жолы ашық, сапары сәтті болады деген жазылмаған заң бар. Ерінің дұрыс тамақтануы мен демалуына жағдай туғызу, ептеп «ыдыс-аяқ сылдырласа да», кикілжіңді ушықтырмауға тырысу – әрбір отбасындағы әйелдің міндеті болуы керек.

Мысалы, машинист Николай Чиморенконың отбасының ұйытқысы Наталья Дорофеева да ерімен қатар темір жолда еңбек ететіндіктен, жүк және жолаушы тасымалына жұмылған жанның жүйкесіне біраз салмақ түсетінін жақсы біліп, әрдайым жолдасының сенімді тіреуі болуға ұмтылады екен.

– Бір салада жұмыс істеу арамызды одан әрі жақындататындай. Өйткені, отбасылық бақыттың сыры өзара тіл табысуда екені даусыз ғой. Өзім секілді машинист жартыларына қандай жағдайда да күйеуін демеп, көмектесіп, қолдау танытып, әйелдік әуестікпен ананы-мынаны сұрап, болмайтын мәселемен мазаларын алмауды кеңес етер едім, – дейді көпті көрген отанасы.

Тағы бір машинист Виктор Бухарин кездесуге немересі, жеті жастағы Полинаны ертіп келіпті. Бүлдіршін атасына сонау Германиядан қонаққа келіп жатыр екен...

Мәжіліс соңында локомотив депосының дамуына елеулі еңбек сіңірген, айналасындағы әріптестеріне озық өнеге-үлгі атанған бірқатар машинистер мен машинист көмекшілері грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Әйелдер тарапы болса, жыл сайынғы кеңес барысында басшыларға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, балаларының әкелерінің жұмыс орнын зерделеп, жұмыс берушінің машинистер денсаулығын түзеудегі іс-қимылымен танысу мүмкіндігін иеленді.

«Казахстан темиржолшысы» газетi  

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер