Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1173 / 15.09.2015 10:21

Пойызды өткізіп жібер, жүргізуші!

11 қыркүйек күні Астанадағы темір жол өткелінде «Жүргізуші, пойызды өткіз!» алдын алу акциясы өтіп, шара барысында локомотив машинистері мен машинист көмекшілері өз қолдарымен автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі арнайы кітапшалар таратты.

Өткелге келіп тоқтаған темір тұлпар тізгіндеушілер де аталған акцияға қолдау білдіріп, қысқаша мағлұматтар келтірілген буклеттерге үңіле отырып, өздерін толғандырған сұрақтарды жаудырып, белсенділік танытқаны – өткелдегі қауіпсіздік мәселесі ешкімді де бей-жай қалдырмайтынын аңғартқандай. Акцияны ұйымдастырушы тарап, яғни «Локомотив» АҚ өкілдері, кейінгі кезде болат жол бойындағы жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткенін еске салып, ұқыпсыз жандардың оқыс қимылынан қаншама жанның зардап шегетінін әңгімеледі. Өндірісі көрігі қызу қайнаған саладағы күнделікті жұмыс кезінде белгілі бір қалыптасқан ережелердің өрескел бұзылуынан сақтанып, қажетті қағидаттарды қаперден шығармаудың маңыздылығы ескертілді.

Мәліметке жүгінсек, биылғы сегіз ай ауқымында автомашиналардың пойыздармен соқтығысқаны туралы 14 жайт тіркеліп, екі адамның денсаулығына зиян келген. Барлығына темір жол өткелі арқылы өтуде жүргізушілердің белгілі ережені сақтамай, салдыр-салақтық танытуы себеп болған. Ал аса қауіпті қос жолақ рельс аймағында қозғалысқа қатысушы әр жақ көрсетілген белгілерге қырағылығын әлсіретпей, тыйым салу дыбыстарына, бағдаршам түстеріне, шлагбаумның ашылып-жабылуына айрықша назар аударуы тиіс. Тіпті ешқандай тосқауыл болмаса да, алаңсыз қозғалысқа әбден көз жеткенде барып темір жолды кесіп өтуге рұқсат етіледі. Осымен бірге, өткел кезекшісі жүргізушіге арқасымен немесе кеудесімен қарап тұрып, қолына жалауша, қызыл шам немесе таяқ ұстап тұрса, ұзыннан созылған құрамнан бөлек локомотив, дрезина келе жатса да асықпай өткізіп, отбасына аман-есен оралу жағын ойлануы абзал. Сонда ғана темір жол өткелдеріндегі апатты жағдайлар мен қатерлі ахуалдардың қарқынын төмендетіп, бақытсыздыққа ұшырамауға болады. Үгіт-насихат, түсіндіру әрекетінің де тұтқан мақсаты сол, қалың бұқараны ортақ мәмілеге, қатаң тәртіпке шақыру.

– Біз тасымал тасқынына іліккен құнды жүкке, мыңдаған адам өміріне жауаптымыз. Сондықтан, заң бұзушының ақымақтығынан опық жеп өкінбейтіндей, әрдайым маңайдағы тыныс-тіршілікті жіті бақылауға міндеттіміз. Оған барынша тырысатынымыз да анық. Бірақ, үнемі сәттілік серік бола бермесі анық. Мысалға, пойыздың тежелу жолы 800-1000 метрді құрайды. Бір сәтте ауыр салмақты алып техниканы оңайлықпен тоқтата салу қиял-ғажайыптағы дүние. Сондықтан, кейде қолдан келгеннің бәрін жасасақ та, жолға шығып кеткен автомобильмен түйісіп немесе адам қағып кетуіміз мүмкін. Ондай әрбір оқиғадан соң депода жан-жақты талдау, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кінәлі болмасақ та, бізге, машинистер үшін мұндай оқиғалар салдары ауыр соғады. Жаңа аңғарғанымыздай, буклет табысталған көлік жүргізушілерінің біздің бұл бастамамызға қолдау білдіріп, ықылас қойып тыңдағаны қуантып отыр, осылай екі жақ ортақ мәмілеге келіп, көлік жүргізушілерін өткелден өту ережесін сақтауға үйретер болсақ, мақсатымыздың орындалғаны,– деді шараның бел ортасында жүрген Астана локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Александр Недюжин.

Маман сөзінен ұққанымыз, жылдамдықты қанша баяулатқанмен, кенеттен киліккен кедергіні айналып өту мүмкін емес. Локомотив бригадаларының қатты күйзеліске түсіп, жүйкелері жұқаратыны өз алдына өзекті мәселе. Бұл тұста машинистер, деподағы психолог әріптестерінің жәрдеміне жүгінеді.

– Машинистер мен олардың көмекшілерінің мұндай жағдайларда бастан кешетін стрессінің зардабы ауыр болады. Ес жиып, айығу үшін уақыт керек. Көз алдында адам қақса немесе өткелде машина соқса, психологиялық шок алатын машинистерді басшылық бізге жібереді. Психо-диагностикалық қондырғыда күйзеліс дәрежесін, сипатын анықтаймыз. Содан кейін алыс-жақын сапарлардан шеттетіп, күш жинауға мұрсат береміз. Өте бір түйткілі күрделі дерек жолықса, шипажайға емделуге бағыттауға кеңес етеміз. Міне, осындай бірталай реабилитациялық шаралардан соң ғана, пойызды басқаруға қайта жолданады. Көп машинистерге «гипертония» сырқаты таңылып, қан қысымы артады, – деп кәсіби пікірін білдірді елордалық деподағы психолог Аниша Бимұханова.

Айта кетейік, бүгінгі Астанада өтіп жатқан акция «Локомотив» АҚ құзырындағы барлық «Локомотив пайдалану депосы» филиалдарында өтуі жоспарланып отыр екен.

Аз-кем дәйек. 14 тамыз күні болған №39 «Санкт-Петербор» жолаушылар пойызының трактормен соқтығысуында, локомотив тізгінін ұстаушы машинистердің кәсібилігі бұдан да үлкен апатқа жол бермеуге септігін тигізді. Оқиғаға тоқталсақ, «Беларусь» тракторының жүргізушісі көлік қозғалысы ережесін өрескел бұзуы салдарынан қос тарап ауыр салдарға ұшырай жаздады. Әйткенмен де, локомотив бригадасының сауатты қимылы мен кәсіби шеберлігі арқасында бақытсыз жағдай бұл ретте адам тағдырларын айналып өткендей. Темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі 30 жылдан асатын, бірінші сыныпты машинист Александр Фурсов пен оның темір жолда 7 жыл еңбек етіп келе жатқан көмекшісі Совет Қолдыбаевтың дер кезінде шешім қабылдап, пойызды тоқтатуы нәтижесінде соққы күші жұмсарып, ең бастысы 13 вагондағы сапар шегуші жандар зардап шекпеді. Қызметтік тексеріс нәтижесінде локомотив бригадасының іс-қимылы дұрыс деп бағаланған. Сағатына 84км жылдамдықтағы пойыздың тоқтау қашықтығы 280 метрді құрағанымен, қозғалыс 32 км дейін азайтылып, соққының күші барынша жұмсартылған әрі вагондар жолдан таймаған. Тосын оқиғадан жапа шекпей, аман-есен діттеген жерлеріне жеткен жолаушылар да теміржолшыларға алғыстарын жеткізді.

2013 жылы Маңғыстау станциясынан 5 км жерде мұнай тиелген 56 вагондық №2108 жүк пойызының жанармай көлігімен соғысып, машинист көмекшісінің қаза тапқанын да еске сала кетейік. Пойыз машинисі Берік Құлбарақовтың денесінің 30 пайызын күйік шалса да, тілсіз жаумен аяғына дейін жанқиярлықпен арпалысқаны бүкіл жұртқа аңыз болып тарағаны аян. Көпшілік бірауыздан батыр деп таныған машинист жігіт «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Ал небәрі 24 жастағы жас жігіт, көмекші машинист Нұрболат Жасанов өкінішке қарай, оқиға орнында қаза тапты.

Казахстан темиржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер