Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1629 / 11.09.2015 11:41

Астана темір жол өтпесінде «Жүргізуші, пойызға жол бер!» акциясы өтті

«Локомотив» АҚ мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың сегіз айында автокөліктердің пойызбен соқтығысқандығы туралы 14 оқиға тіркелген. Мұнда зардап шеккен екі адам: көлік жүргізушісі мен жолаушы.

Айта кететін бір жәйт, темір жолдағы барлық соқтығысулар автокөлік жүргізушісінің темір жолды кесіп өту кезіндегі жол ережелерін сақтамауынан болады.

Акция барысында локомотив машинистері мен машинист көмекшілері жүргізушілерге темір жол маңында жол ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп, арнайы ережелері бар ескертпелерді табыстады.

«Біз темір жолда пойыздар мен автокөліктердің соқтығысуларын болдырмауға, апаттық жағдайлардан құтылуға бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Алайда, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Пойыздың тежеу жолы 800-1000 метр болғандықтан, бір сәтте толық құрамды тоқтату мүмкін емес»,- дейді машинист-нұсқаушы Александр Недюжин.

Психолог Аниша Бимуханованың айтуы бойынша, автокөлік пен пойыздың соқтығысынан кейін машинистер және олардың көмекшілері қатты шок алады. Шоктың деңгейін анықтау үшін арнайы психодиагностикалық жабдық қолданылады. Одан кейін психологтың нұсқауымен локомотив бригадасының қызметкері жол-сапарлардан босатылады, өйткені оған қызметтік міндеттерін орындау қиынға соғады.

«Локомотив» АҚ автокөлік жүргізушілерінің темір жолдан өту кезіндегі жол ережелерін сақтамайтындықтарына алаңдаушылық білдірді. Автокөлік жүргізушісі көрсетілген белгі бойынша қозғалып, белгі беру дыбыстарына, шлагбаумның орналасуына баса назар аударуы керектігін естеріне түсіреді.

Поделиться:
Популярные новости
2359 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2092 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1935 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер