Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1391 / 10.09.2015 09:21

11 қыркүйек күні теміржол өтпесінде (Депо маңы) «Жүргізуші, пойызды өткіз!» акциясы өтеді.

11 қыркүйек күні теміржол өтпесінде (Депо маңы) «Жүргізуші, пойызды өткіз!» акциясы өтеді. Акция барысында локомотив машинистері мен машинист көмекшілері күнделікті жұмыс барысында ұшырасатын ұқыпсыз автокөлік жүргізушілеріне арнайы ережелері бар ескертпелерді табыстады. Теміржолшылар жүргізушілерге темір жол маңында жол ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді. «Кез-келген темір жол өтпесінен өткенде тиісті жол ережелерін сақтау керек. Жүргізушінің салғырттығынан көлік жолаушылары, сондай-ақ локомотив машинисі мен пойыз жолаушылары жапа шегуі мүмкін!» деген қарапайым қағиданы жүргізуші жадында сақтап қалуға кеңес берді.

«Локомотив» АҚ мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың сегіз айында автокөліктердің пойызбен соқтығысқандығы туралы 14 оқиға тіркелген. Мұнда зардап шеккен екі адам: көлік жүргізушісі мен жолаушы.

Айта кететін тағы бір жәйт, темір жолдағы барлық соқтығысулар автокөлік жүргізушісінің темір жолды кесіп өту кезіндегі жол ережелерін сақтамауынан болады.

Жол ережелеріне сәйкес, қозғалысқа қатысушы адам темір жолдан өту кезінде мұқият болуы керек. Автокөлік жүргізушісі көрсетілген белгі бойынша қозғалып, белгі беру дыбыстарына, шлагбаумның орналасуына баса назар аударуы тиіс. Жол ережелерін сақтай отырып, темір жол өтпесінде апатты жағдайлардың алдын алуға, соқтығысулардың санын азайтуға болады деп ескертті «Локомотив» АҚ.

«Локомотив» АҚ жүргізушілер арасында мұндай түсіндіру шараларын өткізу темір жол өтпелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі екендігін айтты.

Мұндай акция «Локомотивті пайдалану депосы» - «Локомотив» АҚ-ның барлық филиалдарында өткізіледі. 

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер