Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шеберлік сын сағаттта сыналады
1126 / 21.08.2015 14:17

Шеберлік сын сағаттта сыналады

Машинистердің сауатты қимылы соққы күшін жұмсартты

Біз көбінесе темір жол бойында жол-көлік оқиғалары орын алғанда, құрғақ сандарға сүйене отырып шығын есептеуге баса назар аударамыз да, қарапайым еңбек адамдарының ерлігі тасада қалып жатады.

Мысалға, Қостанай жол бөлімшесінің аумағында жақында, 14 тамыз күні болған №39 «Санкт-Петербор» жолаушылар пойызының трактормен соғысуында, локомотив тізгінін ұстаушы машинистердің кәсібилігі бұдан да үлкен апатқа жол бермеуге септігін тигізді. Оқиғаға тоқталсақ, «Беларусь» тракторының жүргізушісі көлік қозғалысы ережесін өрескел бұзуы салдарынан қос тарап ауыр салдарға ұшырай жаздады. Әйткенмен де, локомотив бригадасының сауатты қимылы мен кәсіби шеберлігі арқасында бақытсыз жағдай бұл ретте адам тағдырларын айналып өткендей. Темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі 30 жылдан асатын, бірінші сыныпты машинист Александр Фурсов пен оның темір жолда 7 жыл еңбек етіп келе жатқан көмекшісі Совет Қолдыбаевтың дер кезінде шешім қабылдап, пойызды тоқтатуы нәтижесінде соққы күші жұмсарып, ең бастысы 13 вагондағы сапар шегуші жандар зардап шекпеді.

Қайрақ – Медет темір жол аралығындағы келеңсіздіктің еріксіз кейіпкері атанған Қостанай локомотив пайдалану депосының маманы Александр Фурцов сол күнді былай еске алады.

– Жолдың сол жағында үш тіркемеге тиелген шөбімен жайбарақат тұрған трактор өткелге 150-100 метрдей қалғанда аяқ астынан қозғала бастады. Бірнеше рет дабыл қағып, белгі беріп, буферлік жарықты қосып, сонымен қатар доңғалақ жұптарына құм сеуіп, шұғыл тежегішті басып үлгергенімізбен, секунд санап жақындап арбиған техниканы келіп ұрдық. Жылдамдықтың барынша төмендеп барып, тоқтауға жақындағанда болған соқтығыстың күші аса қатты болмайтынын дәтке қуат еттім. Ешқандай да батыр емеспіз. Бар болғаны, нұсқаулықты толық орындадық. Кез-келген машинист біздің орнымызды осылай әрекет етеді. Машинистің шашы неге ерте ағарып, жүйке тозады дейсің, осындай стресстен,- деді, жағдайды бірден радиобайланыс бойынша диспетчерге хабарлаған Александр Фурцов.

Осы орайда машинистердің жыл басынан бері 699 рет шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болғаны мәселенің өзектілігін аңғартса керек. Ал тракторшы қазіргі кезде кінәсін мойындап, жылжымалы құрамды көрмеген сыңайда, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткісі келгенін айтады. Қуатты тартым құралы соңғы тіркемені іліп әкетіп, күл-талқанын шығарған. Қоректендіргіш торап түтіктері сынып, қосымша резервуар краны жұлынып және де тежеуіш цилиндрлері мен шанағы, қар тазалағышы зақымданып, бүгінгі таңда жөндеуге қойылған локомотивтің зақымдануынан мемлекетаралық қатынастағы пойыз өзге тепловоздың келуін тосып екі сағатқа кешіккен. Қуаныштысы сол, жолсеріктер жолаушлырадың дін амандығын құлақтандырып, трактор жүргізушісі де жеңіл үреймен құтылған. Қызметтік тексеріс нәтижесінде локомотив бригадасының іс-қимылы дұрыс деп бағаланған. Сағатына 84км жылдамдықтағы пойыздың тоқтау қашықтығы 280 метрді құрағанымен, қозғалыс 32 км дейін азайтылып, соққының күші барынша жұмсартылған әрі вагондар жолдан таймаған. Тосын оқиғадан жапа шекпей, аман-есен діттеген жерлеріне жеткен жолаушылар да теміржолшыларға алғыстарын жеткізді.

Аса қауіпті аймақ – болат жол бойындағы сақтық шараларына немқұрайлы қарайтын азаматтарды қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қадамдарына сергектік танытуға шақырудан жалықпайтын теміржолшылар, өкінішке орай бөгде жандардың кесірінен осындай келеңсіз жайттарға жиі ұшырайтыны жасырын емес. 2013 жылы Маңғыстау станциясынан 5 км жерде мұнай тиелген 56 вагондық №2108 жүк пойызының жанармай көлігімен соғысып, машинист көмекшісінің қаза тапқанын еске сала кетейік. Пойыз машинисі Берік Құлбарақовтың денесінің 30 пайызын күйік шалса да, тілсіз жаумен аяғына дейін жанқиярлықпен арпалысқаны бүкіл жұртқа аңыз болып тарадыаян. Көпшілік бірауыздан батыр деп таныған машинист жігіт «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Ал небәрі 24 жастағы жас жігіт, көмекші машинист Нұрболат Жасанов оқиға орнында қаза тапты. Бүгінде ұзақ уақыт емделіп, жарақаттарынан құлан-таза айыққан маңғыстаулық машинист Берік өз кәсібіне қайта оралғысы келетінін мәлімдеген болатын. Бүгінде Берік өз ұжымына қайта оралды,бірақ дәрігерлердің ұйғарымымен денсаулығына байланысты басқа қызметке ауысты.

Міне, осылай, қоғам игілігі үшін өздерін құрбандыққа шалатын қарапайым еңбек адамдарының қолымен темір жолда ерлік шежіресі қалыптасуда...

Казахстан темиржолшысы


Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер