Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Немересінің бапкері
1201 / 21.08.2015 14:14

Немересінің бапкері

«Темір жол – менің өмірім, жарты ғасырға жуық ғұмырым болат жолдың үстінде өтті...» деп сыр шертеді жарты ғасырға жуық ғұмырын локомотив шаруашылығына арнаған Аманжол Әлімбаев ақсақал.

– Менің бала күнгі арманым да теміржолшы болу еді, ол кезде теміржолшы киімін киген кісілер таңсық, қатты қызығатынбыз. Көшеден теміржолшы киімін киген кісі кетіп бара жатса оның соңынан қызыға қарап тұратынбыз, біз де ертең үлкейгенде осындай форма киген теміржолшы болсақ деп арман ететінбіз...

Осылай деп өткен күннен әңгіме шертуді жақсы көретін Аманжол ақсақал еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда локомотив депосында слесарь болып бастапты. Екі айдан соң басшылық Қазалыға тепловоз машинисінің көмекшісін даярлайтын 6 айлық курсқа жібереді. Оны бітіріп келген соң машинист көмекшісі болып ауысып, аға машинистердің жетегінде жеті жыл жүреді. «Жай жүрген жоқпын, олардан көп нәрсені үйреніп, зердеме тоқи бердім, тоқи бердім... Тек 1970 жылы арнайы курстан өтіп, «машинист» деген мәртебе алып, өз алдыма тепловозға отырдым, тағы біраз жылда нұсқаушы-машинист болдым, өмір осылай, қос қатар темір жолмен жүйткіген пойыздай жылжып өте берді, өте берді... – деп әсерлеп әңгіме айтатын ардагердің бүгінгі таңдағы ең үлкен де жауапты «жұмысы» немересі Сұлтанның бапкері. Сыр бойынан шыққан балғын шахматшы, ел чемпионы болып үлгерген жас Сұлтанды әу баста осы «патшалар ойынына» баулығын да атасы екен. Дүбірлі жарыстарда жүлде алмаса да, кезінде шахмат десе, ішкен асын жерге қоятын Аманжол ағаның тәп-тәуір ойыншы болғанын замандастары айтып отырады. Депода өткен жарыстарда жүлдесіз қалмаған көрінеді.

Өмір мектебінің сан соқпағынан өткен машинист 1985 жылы локомотив шаруашылығының ревизоры болып тағайындалады да 2010 жылы зейнет демалысына шыққанша абыройлы еңбек етеді. Зейнетке шыққан соң немерелердің тәрбиесіне көңіл бөлуге бел буған ақсақал машинист көмекшісі болып жұмыс жасайтын Ғани деген баласының ұлы осы Сұлтанға ерекше көзі түседі.

–Немеренің бәрін жиып түрлі ойындар ойнатамын. Сонда осы Сұлтан үйреткен ойынды, айтқан ақылды бірден қағып алып, зердесіне сақтай білетіні белгілі болды. Сосын ойладым, қой бұл баладан мен шахматшы жасайын деп, алдымен өзім үйрете бастадым да, 7 жасқа толған күні жетелеп қалалық жасөспірімдердің шахмат үйірмесіндегі тәлімгері Нұрдос Ережеповке апардым. Содан бері міне, тынбай еңбектенгеніміздің арқасында Сұлтаным шахматтан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, – дейді жас шахматшының атасы.

Алайда, шахматтың қыр-сырын 4 жасында-ақ атасынан үйреніп алған Сұлтан көп ұзамай шахматшылар үйірмесіне баруды доғарады да, үйдегі ұстазының баулуымен түрлі дейгейдегі шахмат турнирлеріне қатыса бастайды. 2013 жылы 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен турнирде 3-ші орын, осы жарыстың Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларында өткен 2-3-5 кезеңдерінде классикадан, блиц-турнирден және командалық есепте 1-ші орын иеленіп, атасының сенімін ақтап, талай биікті бағындыра алатын қабілетімен ерекшеленеді. 2014 жылы ҚР жасөспірімдер арасындағы шахмат кубогының бірінші кезеңінде 3-ші орын, Қостанай, Маралсай, Шымкент, Павлодар қалаларында өткен 2-3-4-5 кезеңдерінде 1-ші орынды, 2015 жылы Қызылорда қаласында 10 жасқа дейінгі өрендер арасында шахматтан өткен ел чемпионаты турнирінің чемпионы атанады. Бүгінде Сұлтан Аманжол алдағы қазан айында Грекияның Халкидики қаласында өтетін шахмат додасында ел намысын қорғауға дайындалуда. Машинист көмекшісі отбасындағы 4 баланың бірі Сұлтанның қолдаушысы да, қорғаушысы да, тәлімгері де – атасы Аманжол ақсақал. «Ата, сен де бірге барасың менімен Грецияға» дейді. Ақсақал да немересін жалғыз жіберуге қимай, жанында еріп жүргісі бар, бірақ оған зейнеткердің қаржысы жетпейтін сияқты. «Кім біледі, сәтін салып оған дейін бір мүмкіндік болып қалар» деп үміттеніп отырған немересінің бапкерін «барғаныңыз жөн, әрине» деп біз де қоштап қойдық. Кім біледі, локомтившілер деген өте ұйымшыл халық қой, кезінде машинистің қызы Мадинаға демеушілік жасағандай, тағы бір жас дарынның жұлдызын жағуға көмек қолын созар локомотившілер деп ойладық...

Казахстан темиржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер