Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астаналық локомотившілер жұмыс аптасын қысқартып, жұмыс орнын сақтап қалуды қолдады
1203 / 20.08.2015 19:54

Астаналық локомотившілер жұмыс аптасын қысқартып, жұмыс орнын сақтап қалуды қолдады

Қыркүйектің 1-інен бастап, «Локомотив» АҚ қысқартылған жұмыс күніне көшеді. Астана локомотив пайдалану депосында әкімшілік-басқару персоналы өкілдері мен локомотив бригадаларымен болған жиналыста осы мәселе талқыланды. Депо директорының орынбасары Дмитрий Пивень білікті мамандарды сақтап қалу үшін жұмыс күнінің қысқарғандығын атап өтті.

- Әлемдегі экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты жұмыс көлемінің азайып, тасымалға тапсырыс қысқаруына қатысты локомотившілерге оңай болып отырған жоқ. Біз бұл жағдайды уақытша болатындығына сенімдіміз. Теміржолшылар бұған дейін осындай қиындықты бастан өткерген. Кеңес Одағы құлағаннан кейін өте қиын кез болды. Еңбеккерлер жарты жылдап жалақы алмады. Жалақы есебінен азық түліктер беріліп, талондық жүйе енгізілді. Соған қарамастан, біз ондай қиындықты жеңе білдік. Атап өтерлігі, бұл жолы Ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктер сақталады. Жұмысшы еңбек демалысына баратын болса, тиісті төлемақыларды алады. Еңбеккерлердің балалары жұмыс берушінің есебінен жазғы демалыс кезінде лагерлерде тынығады. Локомотив бригадаларының еңбеккерлері жұмыс беруші есебінен шипажайларда денсаулығын жақсартады. Сонымен қатар басқа да жеңілдіктер сақталған,-дейді ол.

Локомотив бригадалары жылжымалы кесте бойынша еңбек ауысымында болатындықтан оларға төрт күндік жұмыс кестесі енгізілмейді және бұл жеңілдік зейнеткерлік демалысқа аз уақыт қалғандарға да қарастырылған.


Кәсіподақ комитеті еңбек ұжымының басты өкілі ретінде төрт күндік жұмыс аптасына көшуге өз келісімдерін берді.

-Жұмысшыларды көптеп қысқартудың баламалы тәсілі болғандықтан кәсіподақ бұл бастаманы қолдап отыр. Біз уақытша жағдай екендігін түсінеміз,-дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ринат Абайділдинов.

Нұсқаушы-машинист Владимир Ульяненко да қаржылық қиындықтың уақытша екендігіне сенімді.

-Қазіргі кездегі ең бастысы жұмыстан айырылып қалмау. Біз өз басымыз 1990 жылдары қиын кезеңді бастан өткердік. Ол кезде көптеген қиындықтар болған. Бірақ Тәуелсіздік алған еліміздің қабырғасын жаңадан қалау кезінде көзімізден от шаштық. Қазіргі таңда Қазақстан әлемге белгілі, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірімен әлем санасады. Қазір біздің елдің экономикасына ғаламдық дағдарыс әсер етіп отыр. Бұл дағдарыс әлемнің барлық елдеріне де әсер етіп, ғаламдық экономика қайтадан құрылады. Мұндай кезеңде жұмысты адал орындап, сапалы өнім шығарып, барлық еңбек міндеттерін орындауға тиіспіз.


Бүгінгі таңда бізде барлығы бар. Сондықтан қолда бар мүмкіндіктермен өмір сүру керек. Бұл уақытша құбылыс. Бастысы елімізде бейбітшілік пен тыныштық болса екен,-дейді ол.

-Қысқартылған жұмыс күнін енгізу дұрыс деп есептеймін.Бәрінен бұрын жұмыс орны сақталуы тиіс. Менің өмірім темір жолмен тығыз байланысты. Егер, қандай қиындық болса да, темір жолды таңдадым. Менің әріптестерім де осы ойды қолдайды. Менің әкем де машинист. Күйеуім де теміржолшы. Біз теміржолшылар әулетіміз. Біз барлығымыз да бұл қиындықты уақытша деп сезінеміз,-дейді инженер Мира Мұқажанова.


Депоның жетекші инженері Гүлзада Әбдіхалықова да штатты қысқартпаудың жайын толығымен түсінеді.
-Біз барлығымыз да қиындық барын түсінеміз. Біз таяуда локомотив бригадаларына тапсырыстар молайып, тасымалдауға сұраныс көптеп түседі деп ойлаймыз. Қазір біз бұрынғы кестемен жұмыс жасаймыз. Біліміміз бен білігімізді, тәжірибемізді жолаушылар мен жүктерді діттеген жерге жеткізуге, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударамыз.


Бұл төрт күндік жұмыс кестесіне көшуді «Локомотив» АҚ филиалының басқа ұжымдары да қолдауда.


Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер