Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1489 / 14.08.2015 17:30

Түсінік берді

Жуырда Аягөз локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында еліміздің экономикалық саясаты мен даму бағдарламасының басымдықтарын айқындайтын жиын болып өтті.

Аталмыш шараға локомотившілер ғана емес, Аягөз станциясы мен жол дистанциясы қызметкерлері, байланысшылар, вагон шаруашылығының мамандары қатысты. Басқосуда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері тұшымды баяндама жасады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері қазіргі таңдағы жетістіктерді саралай келе, ел теміржолшыларына жүктелер міндеттер туралы да айтып өтті.

Ал діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары барысында облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, ШҚО дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов түсінік берді. Бүгінде Шығыс өңірі бойынша әсіресе халық саны мол Аягөз қаласында діни радикализм мәселесі біршама өткір тұр. Жастардың адастырушы ағымдарға қосылып, жат жерде қару асынып жүрмеуі үшін үгіт-насихат жүргізу қажет болып тұр. Ал албырттыққа бой алдырған сондай жастардың арасында теміржолшылардың бой көрсетпеуі тиіс, – деген қорытынды жасалды.

Қазакстан теміржолшысы 

Поделиться:
Популярные новости
2360 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1935 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер