Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1240 / 11.08.2015 14:41

«Парктің 70 пайызы жаңарған...»

Қызығы мен қиындығы жетіп-артылатын темір жол саласынан бақытын тапқан жандар бүгінде көптеп саналады. Семей локомотив пайдалану депосының бас инженері Еркінбек Тойшыбаев солардың санатынан. Тағдыры темір жолмен табыстырғанына риза маман сүйікті локомотивтері жайлы күн ұзаққа әңгімелеуден шаршамайды. Бүгінде құрылысы күрделі болғанымен, пайдалануға қолайлы жаңа тартым көліктерінің ел экономикасын дамыту жолында алатын орны ерекше. Міне, жаңа ТЭ33А сериялы «Эволюшн» локомотивтерін семейлік машинистер тақымына басқалы да бірнеше жыл. Біз локомотивші маманман отандық локомотивтің тиімділігі жайлы әңгімелескен едік.

– Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауытында» шығарылып, Аягөз локомотив пайдалану депосына 2011 жылдың шілде айынан келе бастады. Тепловоздар паркін заманауи жаңа локомотивтермен жаңарту депомыздағы ең маңызды жетістік. Бұл локомотивтердің отандық өнім болғаны да көңіл қошын келтіреді. Бүгінгі таңда депода 54 жаңа тепловоз бар, бұл тепловоздардың жалпы санының 70% құрайды. Барлық қолайлы жағдай жасалған, қарасаң көзің тояды. Басты ерекшелігі – техникалық жағынан сапалылығында, бұрынғысы екі секциялы болса, кейінгісі біреуге алмастырылған. Компьютрлендірілген жүйе жұмысты жеңілдеткені айтпаса да түсінікті. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы зор. Айталық, межелі жылдамдықты тұрақтандыратыны керемет. Салқындатқыш пен жылытқыштың арқасында, кабинаның іші қыста жылы, жазда салқын күйде сақталады. Мұздатқыш тағамдардың бұзылмауына, арнайы пеш оны жылдам жылытуға мүмкіндік береді. Машинист көмекшісінің жұмысы да оңтайландырылған – жекелей алдында тежегіші, рациялық тұтқасы, бағдаршам мен белгі беру құралы да орнатылған. Тіпті, терезесі де шуылды сездірмейді. Дәретханасы мен жуынатын орны дәл іргесінде. Жаңа локомотивтің жарық беруі 1 км қашықтыққа жетеді, екі жақ қырынан да жарық шашады. Бұл өз кезегінде апатты жағдайлардың болмауына ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа тепловозды бұрынғыша қайталап тексерудің қажеті шамалы, өйткені үш айда бір рет кешенді түрде мұқият қараудан өтеді. Қысқасы, тепловоздар паркін жаңарту нәтижесінде деполардың жаңдайы оңалды, – деп сипаттама берді бас инженер. Бүгінгі таңда Семей депосында 198 машинист пен 178 көмекші машинист еңбек етуде екен. Көпшілік машинистердің еңбек өтелдері 10 жылдан асқан, тәжірибелі мамандар, бас инженердің айтуынша, темірдей тәртіп пен жоғарғы жауапкершілікті талап ететін, сұранысқа ие мамандық болғандықтан осы саланы таңдап келгендер. Айтпақшы, машинистер арасында таралған қалжың, ТЭ33А сериялы «Эволюшн» локомотивтеріне отыру – «Москвичтен» «Мерседеске» отырумен тең дейді екен...

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей 

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер