Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1280 / 11.08.2015 14:40

Үнемдеген ұтады

Ақтөбе локомотив пайдалану депосында дағдарысқа қарсы шаралар өз жемісін беріп отыр. Алғашқы жартыжылдықта локомотивтерге техникалық қызмет көрсету барысында шығын шамамен 40 пайызға кеміп отыр.

Дағдарысқа қарсы шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Локомотив шаруашылығы тек отын үнемдеп қана қоймай, байланыс, қызмет көрсету барысында да мейлінше шығынды оңтайландыру саясатын ұстанып отыр.

– Үнем саясатын қолданып, көп шығындарды азайтуға тура келді, оның нәтижесі алғашқы жартыжылдықта анық байқалып отыр, – дейді Ақтөбе локомотив пайдалану депосы жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Эльвира Аджимуллаева.

Аталған бөлімнің инженер экономисі Наталья Банная ұсынған мәліметтерге сүйенсек, «Локомотив» акционерлік қоғамы мен С.М. Киров атындағы Зауыт арасында 20,4 миллион теңгеге келісім жасалғанымен, ол іс жүзінде 13,3 миллион теңгені құрады. Оның ішінде радиостанция жұмысын сервистік қамтамасыз ету үшін 9,2 миллион теңге қарастырылғанымен, шығын 5,8 миллион теңге болған. АЛСН жөндеуге жоспарға сәйкес, 4,2 миллион қарастырылғанымен, іс жүзінде 2,6 миллион теңге жұмсалыпты.

– РПЛ2 (таспа жазу) жүйесіне қызмет ету үшін 991 мың теңге көзделген болса, шығын мөлшері 647 мың теңгені құрады. КЛУБ (кешенді локомотивтік қауіпсіздік қондырғысы) жүйесіне сервистік қызмет көрсету үшін депо басшылығы 6 миллион жұмсауды жоспарлаған болса, ол іс жүзінде шығын 4,2 миллион теңгеден аспады. Осылайша 7 миллион теңгедей үнемделіп отыр, – дейді Наталья Банная.

2ТЭ10МК сериялы тепловоздарға қызмет көрсету үшін келісімшартқа сәйкес, 1,6 миллиард теңге көзделген екен, шығын 1 миллиард теңгеден сәл асып, үнем – 538 миллион теңгені құраған.

– Бірінші жартыжылдықта «Локомотив сервис орталығы» және «Локомотив» компаниялары арасында келісімшартқа қол қойылып, ЭПТ жөндеу жөнінде жұмыстарды сатып алуға 13 мың теңге жұмсалыпты. Ал ТЭ33А сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсету үшін 19,6 миллион теңге шығындалған екен. Өз кезегінде 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарға қызмет көрсетуге 340 миллион теңге кеткен, – дейді Наталья Банная.

Соңғы жартыжылдықта байналыс есебінен де бір миллион теңге үнемделген екен. Астанамен байланысқа шығу үшін бұрынғыдай алдын ала тапсырыс жасап күтіп отырмайды, Линк бағдарламасының көмегімен тікелей байланысқа шығады екен. Бұл жүйе танымал скайп желісіне ұқсас. «Локомотив» компаниясына қарасты барлық филиалдар бір-бірімен Линк жүйесінің көмегімен байланысып отырғандықтан, бұрынғы шығыны көп әдістен бас тартқан.

– Дағдарысқа қарсы шаралар алғашқы алты аймен тоқтап қалмақ емес. Депо қызметкерлері үнемдеу үшін әлі де шаралар қолға алып жатыр. Оның қорытындысы ай сайын шығарылып отырылады. Жыл соңында тағы бір қорытындылаймыз, – дейді жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер