Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1362 / 11.08.2015 14:39

Қауіпсіздік сенің қолыңда, машинист!

Темір жол көлігіндегі ең жауапты тұлға – машинист. Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты басты тұлғаның бірі де осы машинист. «Локомотив» АҚ филиалы – Жамбыл локомотив пайдалану депосының үшінші санатты машинисі Жандос Қарғабаев өз кәсібіне қатысты осылай көзқарас ұстанады.

«Есте сақта, машинист! Тыйым салынған белгіден өтіп кету – қылмыспен тең!» – күнделікті көзбен оқып, көкейге түйген осы ескерту әрбір машинистің бойтұмарына айналған белгі болса керек. Жас та болса әріптестері ортасында беделді Жандостың биыл алып техниканы басқарып келе жатқанына бес жылдың жүзі болды. Білдей электровоз машинисі. Темір жолға әсте де кездейсоқ келген жан емес, үшінші буынға жалғасқан машинстер әулетінің заңды өкілі екенін мақтан тұтады. Сондықтан да жас жігіттің машинист мамандығына, оның жауапкершілігі мен талабына қатысты білетіні көп, оқыған-тоқығаны мол, айтары да бар.

– Менің машинист болу әу баста «еншіме» жазылған кәсіп болса керек, деп күледі Жандос, атам – Жазыпбек, әкем – Болат та уақытында машинист болған жандар. Атам тепловоз тізгінін ұстаса, әкем жолаушылар пойызының машинисі болды. Сондықтан, әулетіміздің әңгімесі темір жол жайлы өрбіп, дастархан басында да көбіне атам мен әкемнің сапары сөз болатын. Мен де көп ойланбай Тараз қаласындағы арнаулы орта оқу орнын бітіріп, машинист болдым. Болдым деген әрине, айтуға оңай, ал шын мәнінде машинист болып қалыптасудың қаншалықты қиын әрі күрделі процесс екенін аға буын біледі. Қанша жерден машинистің ұлы немесе немересі болсам да, білгенннен білмегенім көп екенін алғашқы жылы көмекші болып жүргенде-ақ мойындадым. Бір машинистің толыққанды қалыптасуы үшін неліктен жылдар бойы оқу-тоқу, көп жыл көмекші болып тер төгу қажет екенін түсіндім, – дейді машинист жігіт.

2010-2012 жылдар аралығында машинистің көмекшісі болып, тәжірибе жинаған Жандостың алғырлығы мен білімін байқаған депо басшылығы оны Павлодар қаласындағы оқу орталығына алты айлық курсқа жібереді. Оны бітірген соң емтихан тапсырып, электровоз машинисі болып жұмысқа кіріседі. Бүгінде бесінші колоннаның аға машинисі.

Қазіргі жаңа заманның келбеті, жаңа заман техникасының тілін білуді, өндіріске түгел енген ақпараттандыру техникасы мен компьютерлендіруді меңгеруді қажет етеді. Сондықтан жас жігіт үнемі ізденіс үстінде, білім көтеру курстары мен треннигтерден қалмауға тырысады. Осыған дейін Тараз қаласында ұйымдастырылған үш Жастар форумына қатысыпты. Өзге өңірлерден келген әріптестерімен тынысып, ортақ пікірде ойын ұштаған бұл басқосуларды жеміссіз дей алмайды. Осы кезде талайымен достасып кеткен әр аймақтағы әріптестері – сол форум жемістері. Төл мереке қарсаңында үшінші санатты машинист дәрежесін алғанда құттықтаған сол дос-жарандары өзінен кем қуанған жоқ. Әріптестер еңбекте табыс тіледі, ал өзіне ұстаз болған аға буын машинистер жас жігітке кәсіпке адал болуды өсиет етті.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Поделиться:
Популярные новости
1765 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1369 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер