Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1317 / 31.07.2015 16:11

Темір тұлпар — әке аманаты

Сексеуіл локомотив пайдалану депосында 40 жыл машинист болып табысты еңбек еткен Сақтаған деген кісі болды. Бүгінде оның баласы Аманқос Ахметов әке жолын жалғастырған білікті маман. Өткен жылы өз «Кәсібі бойынша үздік» атанған Аманқос астындағы темір тұлпары әкеден қалған аманат деп біледі.

– Сөзімнің еш өрескелдігі жоқ, кезінде қазақтар балаларына мирас етіп мал-мүлік қалдырса, біздің заманымызда кәсіп мирас етеді, ол шындық. Әсіресе, біздің темір жол саласында атадан балаға жалғасқан династиялар осының айқын дәлелі, – дейді машинист жігіт. Мен де жұмыстан шаршап оралғанда жолымды күтіп, алдымнан жүгіріп шығатын бес бірдей бүлдіршінімнің болашақта аталарына ұқсаған теміржолшы болуын қалаймын. Ал өзімнің әкеміз салған ізді жалғастырушы болғаныма бір қуансам, кеудеме үздік деген төсбелгі таққанда, әттең әкем осы сәтті көргенде ғой, мақтаныш етер еді мені деп армандадым. Және де әке жолын абыроймен жалғастырып келе жатқанымды түйсіндім де, осы табысқа жетуіме әкемнің үлесі шексіз екенін ұқтым.

Ахметовтер отбасындағы алты баланың ішіндегі екі теміржолшының бірі –Аманқос екен. Аманқос нұсқаушысы, тәжірибелі машинист Ерсұлтан Есіркеповтың айт-қанын санасына сіңіріп алуды дағдыға айналдырған. Жылжымалы құрамды кестеден кешіктірмей, белгіленген жеріне жеткізе отырып, техникалық жылдамдыққа сақ болу машинистің біліктілігін айғақтайтын қасиет. Әр сапар алдындағы және сапардан депоға оралғанша айтылатын нұсқаушының ақыл-кеңесі машинистке қымбат. Көмекші машинист Талғат Айжарықов та сапарға шыққан құрамның белгіленген кесте бойынша көрсетілген жерге жетуі үшін бар көмегін жасайды. Жұмыстан бос уақытында білімін жетілдіріп, тәжірибелі теміржолшылардың тәлімін алуды әдетке айналдырған Аманқос теміржолшылар кенті Сексеуілдегі зейнеткер-ардагерлердің арасынан табылады. Жуырда ғана ол депо басшылығының ұсынысымен Жамбылдағы білім жетілдіру орталығында дәріс алып, біліктілігін 2-санатқа көтеріп келіпті. Үздік машинистің ендігі арманы өткен жылы қозғалысы басталған Сексеуіл – Қоскөл телімі арасында жылжымалы құрамдарды жүргізу және жолаушылар пойызын басқару екен.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл

«Казахстан темиржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер