Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1610 / 31.07.2015 16:09

Машинист — мамандықтың төресі

Атырау тұрғындарының негізгі кәсібі – мұнайшы немесе теміржолшы. Екеуі де осы өңірдің байырғы ата кәсібіндей болып кеткен сала. Сондықтан да тоғыз жолдың торабында тепловозбен із салып, ғасырға жуық жұмыс жасап келе жатқан теміржолшылардың бүгінгі ұрпағы, қазіргі озық технологияны меңгеріп, жаңа тепловоздардың тізгінін басқарып жүрген машинистер.

Құрметті теміржолшы, Атырау локомотив пайдалану депосының машинисі, Асқар Басаров «машинист – мамандықтың төресі» деп біледі және бүгінде ердің жасы 50-ден асқан шағында депоға келіп жұмысқа орналасқан сонау 18 жасын сағына еске алады.

– Алғашқыда слесарь болдым. Деподағы алғашқы жылдары есімде сақталып қалған бір оқиға болды. Біз ол кезде өзімізден жасы үлкендердің атын атамай, «аға» дей-тінбіз. Сол ағаларымның бірі зейнетке кетіп бара жатып маған өзінің «1-сыныпты машинист» значок-төсбелгісін сыйлады. Оны беріп тұрып, «Сен бала, осы дәрежеге жет, сонда тағасың», деді. Қазір мен 1-сыныпты машиниспін. Өзім осы атаққа лайықты болғанда, маған сол он сегіз жасымда таудай талап пен үміт сыйлап, жігерімді жаныған сол ағамды үнемі сағынышпен еске аламын. Сол аға буын машинистердің маған деген сенімі, менің бүгінгі жеткен жетістігім мен абыройымның өлшемі. Сол машинистің маған сыйлаған 1-сыныпты машинист белгісін бүгінде тағып жүрмін. Ал өзімдікі үйде, сандықта тұр, – деп сыр бөлісті машинист Асқар.

Тоқсаныншы жылдардан жүк пойыздарының, екі мыңыншы жылдардан бері жолаушылар пойызын жүргізетін тәжірибелі маман өңір-де «Тұлпар-Тальго» пойызының тізгінін ұстаған алғашқы ма-шинистің бірі.

– Өмір бір орында тұрып қалмайды, осыдан 20-30 жыл бұрынғымен салыстырғанда бүгінде техника-технология жетістіктері ғаламат. Өркениетке ұмтылған еліміздің озық техникаларын меңгеру – бізге зор жауапкершілік жүктейді, – дейді ол.

Асқар Басаровтың үміт күткен шәкірттері – Нұрбол Бисенғалиев пен Рүстем Темірғалиевтер бүгінде 2-сыныпты машинистер екен, күні ертең-ақ ұстаздарының дәрежесіне жетеріне сенімі мол.

Өткен жылы «Құрметті темір-жолшы» дәрежесіне ие болған машинист саладағы ең күрделі мәселенің бірі жастардың бүгінде темір жол саласына тұрақтамауы дейді, оның себебі тым еркін өскен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілікке, темір жолдың темірдей тәртібіне мойынсынғысы келмегенінен деп қорытынды жасайды. Әйтсе де, Атырау өңірінде теміржолшылар династиясы соңғы кезде кең қанатын жайып келе жатқанына қуанышты.

Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау

«Казахстан темиржолшысы»



Поделиться:
Популярные новости
1765 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1369 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер