Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1837 / 28.07.2015 10:08

«Локомотив» АҚ шаруашылығы бойынша жетістіктер мен кемшіліктер, алдағы жартыжылға жоспар-жобалар туралы Қоғам президенті Марат Шакенов

«Локомотив» АҚ шарушылығы бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы жалпы жүк айналымының төмендеуіне байланысты тасымалдау жұмысының көлемі жоспарға 8,4%-ке, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% орындалмай қалғанын көрсетеді. Ал локомотивтерді пайдаланудың сапалық көрсеткіштері толық көлемде орындалғанын айтып өткен жөн. Қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты сөз қозғасақ, бұл бағытта жүргізілген шаралар қауіпсіздіктің бұзылу оқиғаларын айтарлықтай төмендетуге ықпал еткенін айта аламыз. Сөз болып отырған кезеңде Қоғам бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 11 оқиға орын алған, оның ішінде 3 ақау оқиғасы (өткен жылда 4 ақау) тіркелген. Ерекше санатты ақаулар мен қолайсыздық туындаған жағдайлар да 2 оқиғаға азайған. Жалпы алғанда ҚТЖ бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуында локомотив шаруашылығының үлесі 13% құраған, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 16 % деңгейінде болған.

«Локомотив» АҚ-ның алғашқы жартыжылдықтағы кірісі 119 млрд теңгені құрады, жоспардан 11% төмен немесе 14,7 млрд. теңгеге аз деген сөз. 2014 жылмен салыстырғанда төмендеу 16,3% құраған. Сондай-ақ, шығындар да 8% азайып, 131 млрд теңгені құрағанын айта кету керек.

Еңбек өнімділігі жоспарланған деңгейден 11% төмен, әр адам басына 6 млн теңге шамасын құрайды. Ал компанияның жарты жылдағы шығыны 11,8 млрд теңгені құрады. Бұл келеңсіздіктің басты себебі, әрине, тасымал көлемінің күрт кеміп кетуі. Күрделі салым бюджеті (инвестбюджет) 103% орындалған. Инвестиция негізінен жылжымалы құрамды жаңарту мен жаңғыртуға бағытталған. Айталық, тек бірінші жартыжылдықта жалпы сомасы 11 млрд. 857 млн. теңгеге ТЭ33А сериялы 17 магистралдық тепловоз сатып алынды, ал 1 млрд. 071 млн теңгеге 13,5 локомотивке күрделі жөндеу жасалған. Жыл соңына дейін тағы ТЭ33А сериялы 2 тепловоз, 2 жолаушылар электровозы және 9 жүк электровозын сатып алып, 8 локомотивті күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Оған барлығы 30 млрд. 200 млн теңге жұмсалмақ.

Тасымалдың төмендеуі жағдайында өз қызметін ойлайландыру мақсатында «Локомотив» АҚ келесі шараларды қабылдайды:

1. «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі дизель отынынан 7% үнем жасауға мүмкіндік берді. 1016 жылы бұл көрсеткішті 13%-ға дейін жақсарту жоспарланып отыр.

2. Локомотивтерді пайдаланудың сапалық көрстекіштерінің орындалуы жүк қозғалысында пойыздар тартымы үшін дизель отыны шығынының техникалық нормасын өткен жылға қарағанда 4,3% төмендетуге мүмкіндік берді.

3. Сондай-ақ, дизель отынын пайдалануға бақылауды төмендеткендерге әкімшілік жаза қатаң, мысалы Жамбыл, Защита, Қостанай деполарының басшыларымен еңбек шарты бұзылғанан айта кету керек.

4. Қоғам тарапынан локомотивтердің техникалық күйін жақсарту мен жоспарсыз жөндеуге кіруін азайту бойынша жүргізіп отырған кешенді жұмыстарына қарамастан, негізгі мердігерлер тарапынан локомотивтерді жөндеу сапасы нашарлап кеткенін де жасыруға болмайды. Пойызаралық жөндеулер саны 811 оқиғаға дейін өссе, локомотивтер дайындығының да пайыздық көрсеткіші орындалмайды, нәтижесінде салынған айыппұл көлемі 334 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, ескі сериялы КДХ және ВРЛ локомотивтерін жұмыстан шеттетіп, пайдалану жұмыстарына ТЭ33А және 2ТЭ10МК сериялы жаңғыртылған және жаңа локомотивтерді пайдалану, сервистік қызмет көрсетеу мен отын-энергетикалық ресурстар шығынын 9 млрд теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.

Бірінші жартыжылдықта Тасымалдау үдерісі дирекциясымен бірге локомотивтерді және локомотив бригадаларын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін де айтып өткен абзал.Тасымалдау үдерісінің энерготиімділігін аттыру бойынша жүргізілген жұмыстар 42 мың 490 тонна дизель отынын үнемдеуге мүмкіндік берді. «Энергодистпетчерлік тартым» автоматтандырылған есеп жүйесін енгізуден алынған тиімділік 11 мың 965 тоннаны құрады.

2015 жылдың екінші жартысында «Локомотив» АҚ алдында бірқатар міндеттер тұр. Атап айтсақ: пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуын 50% төмендету; локомотив жөндеуге жұмсалатын шығынды және ЖЖМ-ды 9 млрд теңгеге оңтайландыру; тасымалдау үдерісінің энерготиімділігін арттыру есебінен дизель отынын 42 мың тоннаға үнемдеуге қол жеткізу; жоғарыда айтылған шығындарды оңтайландыру есебімен тасымал бойынша 2 млрд теңгеден кем емес оң нәтижеге қол жеткізу.


Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер