Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1435 / 21.07.2015 00:00

Әке аманатына адалдық

«Әкеге қарап, ұл өсер» деген расында дұрыс сөз. Ергештің әкесі Әбілқасым еңбек жолын он сегіз жасынан Қызылорда паровоз депосында от жағушы-кочегар болып бастап, кейін машинист көмекшісі, одан машинист болып, ұзақ жыл еңбек еткен, абыройлы жан болды. Ергеш те есін білгелі машинист болуды армандаған екен...

Бұл – өткен жылы теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған Қызылорда локомотив пайдалану депосының озаты Ергеш Садықов. Марапатты Астанада өткен салтанатты жиында бас теміржолшы Асқар Мамин өз қолымен табыс етті.

Ергештің әкесі Әбекең ақсақал кішкентай кезінен ұлынан теміржолшы жасауды, оның ішінде темір тұлпарды тізгіндеп мінген «мынау деген машинист» шығаруды мақсат етсе керек, ес білгелі осы кәсіптің ыстық-сыңын құлағына құйып, сапарға шыққанда көрген-білгендерін әсерлі әңгіме етіп айтудан жалықпайды екен. «Шіркін, тепловоздың оң қанатында отырып, кең даламен жүйткігенде желмен жарысатын баяғының тұлпарлары менің «сәйгүлігімнің» шаңында қалады деп мақтанады екен ара-кідік. Еңбете абыройлы болып, талай жүлде алған әкенің кәсіпке адалығы – ең бірінші аманаты болды.

– Машинистің ешқашан қателесуге қақысы жоқ, қателесу былай тұрсын жолшының да, пойыз құрастырушы мен вагоншының да қателігін түзеп, төніп келген қауіптің алдына алып, бетін бұрып жіберу – кәсіби машинистің қолында. Ондай машинистің алдында екі көзі, артында екі көзі болады, ол –алтыншы түйсігі, – дейді екен әке.

Осындай әке аманатын арқалаған Ергеш алғашқы жылдан үлкен ізденіспен жұмыс бастады. 1989 жылы тепловоз машинисі мамандығын игеріп, жылдар өте сыныптық санатын да өсіре түсті. Алдымен үшінші, кейін екінші сыныпқа өтті.

– Ергеш Садықов – деподағы тәжірибелі машинистің бірі, жүк пойыздарын тасымалдайды, – дейді Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Ізбасқан Сүйінов. – Қызылорда станциясынан Қазалы және Шиелі станцияларына дейін, ол жақтан кейін қарай Қызылорда станциясына сондай жүк пойыздарын жеткізіп отырады. Сонымен қатар, Ергеш жыл сайын жолда жүру тапсырмасын артығымен орындап, жанар-жағар май жұмсауда үнемділікке қол жеткізіп отырғанын ерекше айтып өткім келеді. Мысалы, өткен жылы ол 7,5 тонна май үнемдеп, барша әріптестеріне үлгі болды. Жалғыз Ергеш емес, жанындағы жолдастары, машинистер Қанжар Көшеров, Ізбасқан Досжанов, жолаушылар пойызын тасымалдаушы машинистер Владимир Берняк пен Ордабай Жұмабековтер де 7-8 тонна көлемінде жанар май үнемдеген. Осы машинистердің қай-қайсысы да біздің депоның ар-намысы мен абыройы.

Жылжымалы құрамды белгіленген жеріне уақытылы жеткізуді мақсат тұтқан машинист техникалық жылдамдыққа да аса көңіл бөледі. Соның нәтижесінде болса керек, Ергеш көп ретте учаскелік жылдамдық тапсырмасын 10 айда орындап шығады.

Күндердің күнінде баяғы әкесінің ізімен депоға келген өзі секілді ұлының да күні туып, кезегі келді. «Әке, мен де сендей машинист болам» деген ұлының сөзін бұл да жерге тастамады, бір кезде өзін бұл кәсіпке қалай баулыса, өзі де ұлын солай баулып, Әбілқасым ақсақал айтпақшы, «мынау деген машинист» жасап шығаруды мақсат етіп қойды. Бүгінде Нұрсұлтан тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған, әрине әкесінің дәрежесіне жету үшін жас жігітке әлі мыңдаған шақырым жолды артқа тастары сөзсіз. Тек жол ашық болсын...

Төребай КЕНЖЕБАЙ

Суретті түсірген Өмірбай ТҮГЕЛБАЙ



Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер