Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1782 / 28.10.2014 00:00

Ақпараттық хабарлама

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2014 жылдың 28 қарашада сағат 10:00-де (Астана уақытымен) мемлекеттік мүлік Реестрінің веб-порталында www.gosreestr.kz басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының компаниялар тобының активтерін сату бойынша электрондық конкурс өткізілуі туралы жариялайды.

Активтерді сату «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы № 110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АК-ның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін және объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына және «Ақпараттық-есептік орталық" АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен (2014 жылдың 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілгенМемлекеттік меншік реестрінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі — Регламент).

Электрондық конкурсқа келесі активтер қойылады

№ п/п Активтің атауы Меншік иесі Қызмет түрі Орналасқан жері Бастапқы бағасы,
теңге
Кепілдік жарна, теңге Аукцион қадамы Конкурстың шарты
1 «Ақ Берен» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотивжөндеу» АҚ Жылжымалы құрамды жөндеу ОҚО,
Түркістан қ., Абылай–ханкөшесі, 9 үй
551 964 000 82 794 600 1% 1. Қызметтің бейінін 1 жылбойы сақтау.
2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбекұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жылбойы.
2 «БАС-Балхаш 2004» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі  «Локомотив» АҚ Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу Қарағанды облысы,
Балхаш-1 ст.
162 387 000 24 358 050 5% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау.
2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы.
3 «Біржан-Атырау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотив» АҚ Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу Атырауоблысы, Атырауқ.,
СМП-163ықшамауданы
394 706 000 59 205 900 2,50% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау
2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы
4 «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «Локомотив» АҚ Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., ст.Маңғыстау, ул.Деповская, 1
66 824 000 10 023 600 7% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау.
5 «Каскор-Транссервис» АҚ-ның 13,403% акция пакеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Темір жол көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызметі, көлікті-экспедиторлық қызмет көрсету, темір жол жолдарын жөндеу және салу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы,
3 «б» мөлтек ауданы,
48 үй
720 101 000 108 015 150 1% Активті сатып алушы мүмкіндігінше келесі барлық шараларды қабылдауға міндетті:
1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау;
2. Жұмыс орындарын 1 жыл бойы сақтау.

Саудаға қатысушыларды реестрдің веб-порталында тіркеу хабарлама реестрдің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады.

Кепілдік жарна «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004 «Казкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілдік жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілдік жарнаның өлшеміне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді).

Кепілдік жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінішті қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады.

Саудаға қатысушыларға кепілдік жарналардың кез-келген санын төлеуге болады, бұл ретте кепілдік жарна қатысушы саудаға қатысу үшін кепілдік жарна төлеген объектті сатып алуға ғана құқық береді.

Саудаға қатысу үшін алдын-ала реестрдің веб-порталында келесі мәлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке идентификациялық нөмірді (бұдан әрі — ЖИН), фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-идентификациялық нөмірді(бұдан әрі — БИН), толық атауы және бірінші басшының фамилиясы, аты әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші-деңгейлі банктің банктік есепшоты деректемесін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е- mail).

Жоғарыда көрсетілген мәлімделер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде реестрдің веб-порталында көрсетілген мәлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет.

Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін реестрдің веб-порталына қатысушының ЭЦП қолы қойылған Регламентке сәйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінішті тіркеу керек.

Конкурсқа қатысушылар конкурстың шарттарымен келіскендері туралы өтінімді келесі құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмесін қосып тіркейді:

1) конкурсқа қатысушының қолы қойылған, арнайы веб-парақтағы электрондық конвертке жүктелген бағалық ұсынысын;

2) конкурстық ұсынысын;

дерекқорының арнайы веб-сайтына

3) сауда жүргізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға және/немесе қатысушыларға ерекше және қосымша қойылған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды.

Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ және/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсыну керек.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен және келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылу немесе белгіленген тәртіпте апостилдену қажет.

Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін реестрдің веб-порталын қолдана отырып, кез-келген уақытта төленген кепілдік жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімтің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады.

Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілдік жарнасының түсуі туралы мәліметтердің барлығы туралы реестрдің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі.

Егер «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотынакепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер бар болса, реестрдің веб-порталы өтінімті қабылдайды және қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді.

Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, Қатысушы Активтер жөнінде конфиденциялдық ақпараттар алуға (Data room) ақпаратты бөлмесіне құқылы.

Назар аударыңыз!

1. Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотынакепілдік жарнаның:

1) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын — ПШЭП арқылы кепілдік жарна төленгенде;

2) сауда басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын — кепілдік жарнаны қолма-қол, ақшасыз тәртібімен төлеудің басқа әдістері Реестрдіңвеб-порталы өтінішті қабылдаудан бас тартудың негіздемесі болып табылады.

Автоматты тексерістің нәтижелері бойынша реестрдің веб-порталы қатысушының реестрдің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

2. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»

1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I заңына сәйкесжауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.

3. Саудаға қатысу туралы өтінімге реестрдің веб-порталында орналасқан нысанға сәйкес саудаға қатысу ниеті туралы арызының сканерленген көшірмесін тіркеу қажет.

Электрондық конкурсты өткізу тәртібі:

Сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда басталу күні мен уақыты келгенде автоматты түрде реестрдің веб-порталымен конкурсқа қатысу өтініміндердің ашылуы жүргізіледі.

Комиссия конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 күнтізбелік күндер ішінде берілген өтінімдерді (конкурстық және бағалы ұсыныстардан басқа) қарастырады және сауда туралы хабарлама және Регламент талаптарына қатысты анықталған сәйкессіздіктер (егер бар болса) туралы конкурсқа қатысушыға оның өтініміндегі электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

Хабарлама өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде қалыптасады, реестрдің веб-порталында 4 күнтізбелік күн ішінде комиссияның хатшысымен жинақталады.

Өтінімдерді ашу хаттамасына ЭЦП қолдана отырып комиссияның мүшелері 5 күнтізбелік күндер ішінде қол қояды.

Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады:

1) өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия қол қойған күннен бастап 7 күнтізбелік тағайындалған күнде конкурсқа қатысушылардың өтінімін қайтадан ашу күні және уақыты.

2) конкурстың шарттарын қанағаттандыратын қатысушылар тізімі;

3) қатысушының ЭЦП қолы қойылған, реестрдің веб-порталына қосымша өтінімді (конкурстық және бағалы ұсыныстардан басқа) беру арқылы қайта өтінімді ашу күніне дейін анықталған сәйкессіздіктерді жоятын, себебі көрсетілген конкурстың шарттарын қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі.

Өтінімді ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (өтінімге деген ескерту жоқ болса) немесе өтінімді қайтадан ашу кезінен бастап комиссия өтінімдерді, конкурс ұсыныстарымен қоса қарастыра бастайды және реестрдің веб-порталына комиссия хатшысы жасаған рұқсат беру хаттамасына қол қояды.

Аукционға қатысушының қатысуына рұқсат ету туралы комиссияның шешімі реестрдің веб-порталында конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға комиссия мүшелерінің барлығының ЭЦП-ін қолдана отырып, қол қойған күннен бастап жарияланады, байқауға қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың элктрондық поштасына автоматты хабарлама жіберіледі.

Қатысуға рұқсат ету хаттамасында келесі, ақпарат болады:

1) себебі көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылар тізімі;

2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылар тізімі.

Аукционды өткізу күні мен уақыты реестрдің веб-порталында екіден кем емес қатысушыға рұқсат ету туралы комиссияның шешімі жарияланған күннен бастап автоматты түрде реестрдің веб-порталымен тағайындалады (сауда нысаны аукционсыз бір қатысушыға сатылатын үшінші және келесі саудадан басқа) тағайындалады.

Аукционға жіберілген қатысушылар бір сағат ішінде реестрдің веб-порталы берген ЭЦП және аукцион нөмірін қолдана отырып аукцион залына кіреді.

Аукционға реестрдің веб-порталы тағайындаған уақытта басталады және төмендегідей жүргізіледі:

1) аукцион басталған кезде аукциондық бөлмесінде конкурсқа қатысушылардың өтінімде көрсетілген бағалық ұсыныстары көрсетіледі, олар сатушы комиссиясы белгілеген бастапқы бағадан кем бола алмайды және, ағымдық баға қалыптасады;

2) аукцион басталған кезден бастап қатысушыға басқа қатысушының ең көп, ағымдық бағасын сатушы комиссиясы белгілеген және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;

3) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукционның ешбір қатысушылары ең көп, ағымдық бағаны көбейтпесе, ұсыныс берген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал аукцион орындалды деп есептеледі;

4) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукциондық бөлмесінде қатысушылардың біреуі объектті сату жолымен ең көп, ағымдық бағаны өсіру арқылы өзінің иемдену көңілін білдірсе, онда, ағымдық баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

5) егер, ағымдық бағаны арттырған соң жиырма минуттан кейін қатысушылардың ешбірі өзінің иемдену көңілін объектті сату, ағымдық бағаны арттыру жолымен нақтыламаса, онда объектті сату баға арттыру жолымен растаған қатысушы жеңімпаз болады, ал аукцион аяқталады.

Аукцион басталған сәтте екі және одан артық қатысушының бағалық ұсыныстары сату объектісі үшін бірдей ең жоғарғы бағадан тұрса және осы, ағымдық баға жиырма минут ішінде ұлғаймаған жағдайда осы қатысушылардың арасынан аукционның жеңімпазы болып өтінімі ұсыныстары бірдей ең жоғарғы бағадан тұратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын берілген қатысушы табылады.

Әрбір сатылған объект бойынша конкурс нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні тізілімнің веб-порталында ЭСҚ пайдаланумен сатушы және жеңімпаз қол қояды.

Сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттама конкурстың нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының веб-порталға шоғырланған тізілімде сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату үлгі шартына қол қою туралы міндеттемелерін бекітетін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтар нәтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды.

Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша, ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 309 824 ішкі 211 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 603–520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.

Поделиться:
Популярные новости
2036 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1768 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1602 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер