Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Қазақша сөйлейік!»  байқауында локомотивші жеңіске жетті
1756 / 16.10.2014 00:00

«Қазақша сөйлейік!» байқауында локомотивші жеңіске жетті

Қызылорда локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисінің көмекшісі Геннадий Шиповских қазақ тілін меңгеру-деңгейін анықтауға арналған республикалық конкурстың Бас жүлдесін жеңіп алды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да мұндай байқауды өткізу дәстүрге айналды. Биылғы жылы байқау төрт кезеңде 18 тамыздан бастап 15 қазан аралығында өткізілді.

Байқаудың бірінші кезеңдерінде қатысушылар әділқазылардың сараптауына «Неліктен бүгінгі күні қазақ тілін білу маңызды?», «Неге мен қазақ тілін үйренгім келеді?», «Қазақ тілін үйренудің ерекше тәсілдері» және «Менің көпұлтты отбасым -қалай біз үйде қазақша сөйлесеміз» тақырыбы бойынша бейнероликтер ұсынды, мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық мәдениетті дәріптеу туралы эссе жазды.

Қорытынды кезеңде 11 теміржолшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ -ның орталық аппаратына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, Халықаралық достық академиясының өкілдері, атақты блоггерлер мен еліміздің жетекші тіл мамандарының қатысуыларымен ток-шоуға шақырылды, онда олар теміржол көлігінің тарихы, мемлекеттік рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді.

Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілді білу-деңгейлерінің жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді. Бірақ ерекше көзге түскен Қызылорда локоматив пайдалану депосының тепловоз машинисінің көмекшісі Геннадий Шиповских. Комиссия мүшелерінің оның қазақ тілінде еркін сөйлейтінін және қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айтатын байқамауы мүмкін емес еді.

Бас жүлдені жеңіп алған Геннадийді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі Бақберген Досманбетов дипломмен марапаттап, бағалы сыйлық -теледидар сыйлады. Бірақ марапаттау рәсімі осымен аяқталған жоқ, одан әрі «Локомотив» АҚ орталық аппаратында да жалғасын тапты. Компания басшылығы Геннадийге естелік сыйлық тарту етіп, жұмысында табыстарға жете беруіне тілек білдірді.

Геннадий мен қазақ жанды орыспын деп мақтанышпен айтады.

— Мен өзімнің туған депома жеңіспен оралғаныма өте қуаныштымын, мен бақытты адаммын,- дейді Геннадий.

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер