Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1564 / 29.09.2014 00:00

«Локомотив» АҚ балаларға теміржолдан өту тәртібі туралы ескертеді

«Локомотив» АҚ жұмыскерлері астананың мектеп оқушыларымен теміржолдан өту ережесі туралы айту үшін кездесу өткізді.

Профилактикалық сұхбатта 5–7 сынып оқушылары қатысты. Балаларға темір жолдың жанынан өту ережесі жазылған буклеттер таратылып, мектептерде осы тақырыпқа плакаттар ілінді.

Кездесу барысында «Локомотив» АҚ өкілдері оқушыларға темір жол — ең қауіпті аймақ екенін ескертті. Балалар үшін осындай акцияларды поездар қозғалысы аймағында жарақаттану жағдайларын болдырмау мақсатында «Локомотив» АҚ филиалдары — пайдалану локомотив деполары жылына екі рет: жазғы демалыстың басында және оқу жылының басында өткізеді.

2014 жылдың 8 айында «Локомотив» АҚ машинистері соғып кетуді болдырмау бойынша 3762 шұғыл тежеу жағдайларын қолданды. Адамдарды қағып кетуден 70 жағдай тіркелді, жеті жағдайда балалар зақымданды.

Теміржолда балалар жарақатының кеңінен таралуының себебі жеке басының абайсыздығы — дәлелсіз немқұрайдылық, өтетін көпірді қолданбаулары, жол бойында белгіленбеген орындардан жүрулері, тентектік жасау және ойнау.

Поделиться:
Популярные новости
2392 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2102 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1981 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер