Шетелдік компаниялар Қазақстанның темір жол машинасын жасау жобаларына тікелей инвестиция көлемін ұлғайтады
Берлинде өтіп жатқан Inno Trans әлемдік темір жол көрмесі аясында жетекші темір жол көлігі машиналарын жасау жөніндегі әлемнің жетекші компанияларының басшылары Қазақстандағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаларына тікелей инвестиция көлемін арттыратындықтарын дәйектеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен General Electric Transportstion - Рассел Стойкс; Alstom Transportation - Анри Пупар Лафарж; Patentes Talgo - Хосе Мария Ориол жыл аяғына дейін машина жасау саласындағы бірлескен жобаларға шетелдік компаниялардың үлесін ұлғайту жоспарларын келісті. Бірлескен жобаларға шетелдік компаниялардың үлесінің ұлғаюы қазақстандық кәсіпорындардың ғаламдық тізбекке жалғасып, дербес өнімдерін шетелге экспортқа шығаруына зор мүмкіндік береді. Шетелдік компаниялардың стратегиялық шешімдері еліміздің инвестициялық ахуалының оңтайлы болуына байланысты Қазақстанда темір жол машинасын жасау саласының серпінді дамуына ықпал етеді.