Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1222 / 29.08.2014 10:13

Қазақстан темір жолы жекешелендіру шеңберінде активтерін сатуға шығарады

"Қазақстан темір жолы"Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген "Жекешелендірудің2014-2016 жылдарға арналған кешендібағдарламасын" іске асыруға кірісіп кетті. "Самрұқ-Қазына"ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобының басшылары әлеуетті инвесторлармен кездесіп, оларды тұрақты жұмыс істеп тұрған үш теміржол көлігі мекемесінің қызметімен таныстырды.

"ҚТЖ"ҰК"АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Алмас Лепесбаев Павлодар қ. "Ертіс қызмет" ЖШС-нің, Шымкент қ."Қазығұрт-Оңтүстік" ЖШС-нің және Қарағанды облысыныңБалқаш қ.орналасқан "Бас-Балқаш 2004" ЖШС-нің қызметтері туралы толық мәлімет берді.

"Ертіс қызмет"және "Қазығұрт-Оңтүстік" –мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды әзірлеу нарығында өз қызметтерін ұсынып келеді.Кәсіпорындар цистерналарды булау, шайып жуу және мұнай құюғадайындау, жүк вагондарына ағымдық жөндеужұмыстарын жүргізу, жөндеу жұмыстарына дайындау үшін қажетті деген барлық өндірістік қуаттылық пен мүмкіндіктерге ие.

Қарағанды облысында орналасқан "Бас-Балқаш 2004" ЖШС-нің негізгі қызметі локомотивтерге техникалық қызмет көрсету болып табылады. Жыл сайын жүздеген тепловозға техникалық қызмет көрсетіп, жөндеуден өткізеді. Мысалы, 2013 жылы аталған кәсіпорында 250-ден астам тепловозға техникалық қызмет көрсетілген. Бұдан басқа, аталған ЖШС тартымдық жылжымалы құрамға арналған қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысады. Сондай-ақ, доңғалақ жұптарына техникалық қызмет көрсету.

Кәсіпорындарды сату барысында әлеуетті меншік иелеріне қойылатын басты талап - кәсіпорынның бейінін және жұмыс орнын сақтау, сонымен біге еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелердің бір жыл бойына орындалуын қамтамасыз ету.

Алмас Лепесбаев "ҚТЖ"ҰК" АҚ-ның әлеуетті инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екендігін жеткізді және жекешелендіру науқанының жемісті түрде жүзеге асырылуына үміт білдірді.


Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер