Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1556 / 22.08.2014 00:00

Елбасы Жезқазған –Бейнеу және Арқалық –Шұбаркөл жаңа темір жол жұмысына бастау берді

Қазақстан Перзиденті Н. А. Назарбаев Жезқазған — Бейнеу және Арқалық — Шұбаркөл темір жолдарын пайдалануға бастау берді. Елбасы теміржолшылар мен құрылысшыларға екі ең ірі теміржол жобаларын іске асырғаны үшін алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев екі темір жол желісінің бір күнде ашылуын отан тарихы мен жылдың маңызды оқиғасы деп атады.

«Жезқазған-Бейнеу мен Арқалық-Шұбаркөл темір жолдары аймақтардың бірқатар өңірлерінің серпінді дамуына ықпал етеді. Бұл желілер Қазақстанның бет-бейнесін танымастай өзгертеді. Бүгіннен бастап Жезқазған мен Арқалық тұйық станциялар деген аттан құтылады.

Ендігі жерде олар Азия мен Еуропаның транзиттік жолымен шектеседі. Тасымалдау ара қашықтығы мен мерзімінің қысқаруынан Қазақстан ұтады.

Барлық желі бойындағы ресурстық база айналымға тартылады. Еліміздің дұрыс темір жол желісі құрылды, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ел Президенті аса ауқымды құрылысқа қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.

Құрылыстың бастау алған жерлері — Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысындағы Шалқар стансасынан, Қызылорда облысындағы Сексеуіл стансасынан, Қостанай облысындағы Арқалық қаласынан және Жезқазған қаласының өзінен тікелей қосылулар жаңа темір жол арқылы жүк тасымалдаған алғашқы пойыздарды көруге мүмкіндік берді.

2012 жылдың маусым айы мен 2014 жылдың тамыз айына дейін созылған құрылыс кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ ауқымды жұмыс атқарды: 1200 шақырымнан астам жол төселіп-түйісті, жұмысшылар мен қызмет көрсетуші персоналға арналған тұрғын үйлер салынды, қажетті инфрақұрылым бой көтерді.

Жаңа темір жолдардың орналасуы еліміздің батысынан шығысына, солтүстігінен оңтүстігіне жүк тасымалдау қашықтығын едәуір қысқартып, Қазақстанның көліктік әлеуетін арттырады.

Жаңа телімдердің іске қосылуы магистральді теміржол желісінің біртұтас құрылымын бітіреді. Бүгінде іске қосылып отырған жаңа темір жолдар «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарындағы жүк тасқынын 1000 шақырымға дейін оңтайландырады, — деп баяндады Елбасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин. — Темір жолдар жұмысы Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына тың серпін беріп, экономикалық белсенділігін арттырып қана қоймай, аймақтағы кәсіпорындардың дамуы мен өндірістік әлеуетін қысқа мерзімде пайдалануға мүмкіндік туғызады. 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

КТЖ басшысының сөзіне қарағанда, жаңа темір жолдардың іске қосылуы Қытайдан Еуропа, Ресей бағытындағы трансқазақстандық көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін едәуір арттырады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
1756 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер