Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1207 / 01.08.2014 00:00

Ерен еңбектің мойындалуы

Кезекті төл мереке қарсаңында «Локомотив» АҚ-ның филиалдарында көптеген іс-шаралар орын алды. Сірә, олардың ішіндегі ең бастысы — үздік еңбеккерлерді марапаттау…

Еңбектерінде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген, өндірістік тапсырмаларды орындау және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында елеулі үлес қосқан «Локомотив» АҚ жанындағы орталық аппараттың алдыңғы қатарлы еңбеккерлерін дәстүрлі марапаттау шарасы 1 тамыз күні өткізілді.

«Локомотив» АҚ Президенті Марат Медеубаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен және Қазақстан темір жолының 110-жылдығымен құттықтап, шығармашылық табыс пен отбасы бақытын тіледі:

— Соңғы жылдардың ішінде біздің теміржол саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды деуге болады. Жаңа теміржолдар төселіп, экономиканың жаңа саласы — теміржол машина жасау пайда болды. Бүгінгі күні қолымыздан жаңа локомотивтер мен вагондарды жасау келеді. Осының барлығына да ортақ еңбектің арқасында келіп отырған жайымыз бар.

Өз еңбектерінде тамаша көрсеткіштерге қол жеткізген еңбеккерлер түрлі наградаларға ие болды. Саланың ең жоғарғы марапаты болып саналатын «Құрметті теміржолшы» белгісін Марат Медеубаев «Локомотив» АҚ-ның бас бухгалтері Еркінбек Керімбековқа табыс етті. Локомотивтерді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы жанындағы локомотивтер жағдайы мониторингісі бөлімінің бас маманы Мәжит Исабеков болса, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің Құрмет грамотасымен атап өтілді.

«Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісі «Локомотив» АҚ Президентінің Кеңесшісі Қазезқан Жұматаевқа, Вице-президенттің міндеттерін атқарушы Марат Шәкеновқа, Вице-президент Асқар Мақсұтовқа, Атқарушы директор Бақберген Жақсылықовқа, Бас инженердің міндеттерін атқарушы Кәрім Ахметовқа, Өндірістік сұрақтар және техникалық дамыту жөніндегі Атқарушы директордың міндеттерін атқарушы Мұрат Лепесбаевқа, Атқарушы директордың міндеттерін атқарушы Айтым Құрақбаевқа, Пайдалану басқармасының бастығы Болат Ибадуллаевқа және тағы көптеген еңбеккерлерге тағылған болатын.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Алғыс хаты Пайдалану басқармасы жанындағы Өнімсіз шығындар және жарнамалайтын жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлжахан Әбдіске бұйырды. Пайдалану басқармасы жанындағы Өнімсіз шығындар және жарнамалайтын жұмыс бөлімінің сарапшысы Омар Абдықовқа «Үздік маман» атағы берілді.

Корпоративтік дамыту басқармасы жанындағы бағалар маркетингісі және тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы Гүлмира Есқалиева, Локомотивтердің жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы жанындағы локомотивтер жағдайы мониторингісі бөлімінің бастығы Асқар Майшинов, Отын-энергетикалық қорлар басқармасы жанындағы отын-жылуэнергетикалық бөлімінің сарапшысы Марат Жақсыбеков, Техникалық дамыту басқармасы жанындағы өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Дәрия Төлеуова, Қаржы басқармасы жанындағы қазынашылық бөлімінің бастығы Айжан Айтжанова, арнайы жұмыс жөніндегі бас маман Сағындық Сүлейменов сияқты кәсіпорын мамандары «Локомотив» АҚ Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Көптеген қызметкерлерге «Локомотив» АҚ Президентінің Алғыс хаттары табыс етілді. Олардың арасында Пайдалану басқармасы жанындағы жедел-басқару жұмысы бөлімінің сарапшысы Сергей Деринг, Локомотивтердің жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы жанындағы локомотивтердің жөндеу жұмыстарын жоспарлау бөлімінің сарапшысы Айнұр Темірбаева, Отын-энергетикалық қорлар басқармасы жанындағы отын-жылуэнергетикалық бөлімінің бас маманы Гүлнұр Күзембаева мен басқа қызметкерлер бар.

Бұл күні «Локомотив» — «ҚР теміржолшыларының кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы Серікбай Қабдешұлынан да марапаттар аз болған жоқ. Адал еңбегі мен еңбеккерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған сұрақтарды шешудегі белсенділігі үшін «Локомотив» — «ҚР теміржолшыларының кәсіптік одағы» ҚБ филиалының Құрмет грамотасы Марат Медеубаевқа табыс етілген еді.

Құрмет граматоларымен сондай-ақ, бірқатар басқармалар да атап өтілді.

Наградаларды салтанатты түрде табыс ету шарасы естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Поделиться:
Популярные новости
1763 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1505 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1367 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер