Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1062 / 01.08.2014 00:00

Құрметті демалысқа шықты

Көлік еңбеккерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында «Локомотив» АҚ-ның орталық аппаратында арнайы жұмыс жөніндегі бас маман Сағындық Сүлейменовты құрметті демалысқа шығарып салу шарасы өтті.

Сағындық Қабдрашұлының бар еңбек жолы еліміздің құқық қорғау органдарында өтті деуге болады. «Локомотив» АҚ-да ол компанияның негізі қаланғаннан бастап, он жылға тең уақыт қызмет еткен. Пайғамбар жасына қарамастан, әлі-де болса тың, өзіне деген сенімділігін жоғалтпаған.

— Тағы бір белесті артта қалдырдық. Өмірімнің осы бөлігін әрдайым тек жылылықпен ғана еске аламын, — дейді Сағындық Қабдрашұлы. — Қолдау және түсіністік білдірген компания ұжымы мен басшылығына алғысым шексіз.

— Сізді құрметті демалысқа шығара отырып, бар ұжымның атынан ерен еңбегіңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Үлкен тәжірибеңіздің, адалдығыңыздың және жауапкершілігіңіздің арқасында Сіз әріптестеріңіздің арасында жоғары құрмет пен беделге қол жеткізе алдыңыз, — деп атап өтті өз сөзінде «Локомотив» АҚ Президенті Марат Медеубаев.

Теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған осы атаулы күні Сағындық Қабдрашұлына «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісі мен Құрмет грамотасы табыс етілді.

Поделиться:
Популярные новости
1762 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1504 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1366 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер