Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1583 / 05.08.2014 11:09

МҰРАЖАЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІ СЫР ШЕРТЕДІ

Астана қ. локомотив пайдалану депосының мұражайы 1981 жылы 15 қазанда локомотив депосының құрылуының 50-жылдығының құрметіне орай ашылған болатын. Алайда, оның қорында 80-90 жылдық тарихы бар экспонаттар да сақталған.

Мұражайда жалпы саны 500-ден астам негізгі және қосалқы жәдігерлер жинақталған. Олар 1930 жылы Ақмола облысында паравоз депосының құрылу сәтінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу, даму кезеңдерін түгел қамтиды.

«Тарих кенішінде» үш бөліктен тұрады: депоның қалыптасуы, екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы және жаңа технологиялар залы. Оның кіреберісінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан локомотив депосы теміржолшыларының аты-жөндері жазылған мемориал тақта орнатылған, сондай-ақ олардың және Ауған соғысына қатысушы интернационалист-жауынгерлердің құрметіне арнап «Даңқ алеясы» ашылған. Бірінші көрме залында депоның құрылуына және дамуына арналған экспозиция жасақталған. Мұнда социалистік жарыс жеңімпаздарына берілетін ауыспалы Қызыл Ту тігілген. Қабырғада депо құрылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі басшылық құрамының фотосуреттері стенді ілінген. Осы залдағы ерекше құнды жәдігер – астана вокзалы алдындағы алаңға орнатылған бірінші паравоздың макеті. Екінші залда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан депо жұмысшыларының жәдігерлері, жарақ-жабдықтары сақталған. Көрме залы майдангерлер, соғыс жылдарындағы тың еңбеккерлеріне және локомотив депосының еңбек сіңірген теміржолшыларына арналған. Бұл жерде майдангерлердің фотосуреттері, елге жазысқан хаттары бар. Мәселен, 1936 және 1938 жылдары паровоз машинисті болып жұмыс істеген, Сталинград шайқасына қатысқан Совет Одағының Батыры Степанов Дмитрий солардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, мұражай үйінде жинақталған мол ордендер, медальдар, мақтау граматалары мен сертификаттар локомотив жұмысшыларының соғыс кезеңіндегі және бейбіт өмірдегі батыл ерліктері мен ерен еңбектерінен сыр шертеді. Осы залда 1941 жылы 22 маусымда Саяси бюроның совет халқына арнаған үндеу жарияланған газет қиындысы да сақтаулы. Соғыс уақытында қолына қару ұстауға жарайтын еркек кіндік түгелдей майданға аттанғанда, ел ішінде қалған әйелдер мен балалар олардың орнын басты, қолдарына күрек пен қайла алды, ауыр өндіріс жұмыстарына жегілді. Солардың кейпін бейнелейтін стенд соғыс жылдарының ауыр көріністерінің бір парасын аша түскен. Үшінші залда депоның дамуына байланысты материалдар, еңбек ардагерлерінің естелік заттары топтастырылған. Мұнда қолданыстан баяғыда шығып кеткен ескі және бүгінгі күннің сұранысына сай озық үлгідегі локомотивтердің макеттері, еңбек ардагерлерінің фотосуреттері мен құжаттары қойылған. Стендте 1955 жылдан бастап Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Социалистік еңбек Ері Г.Небесныйдың, темір жол көлігінің дамуына зор үлес қосқан Қаратай Рахымов пен Тельман Омаровтың көрнекі портреттері берілген.

Енді әр жылдары мұражай директоры болған адамдардың тізімін бір шолып өтсек артық болмас: 1981-82 жылдары оның алғашқы директоры К.Ескеев болды, одан кейін 2000 жылдарға дейін Б.Ролдугин, Н.Аникина, Д.Шевцов осы ретпен басшылық етті. 2000-2008 жылдар аралығында мұражай тізгінін В.Илин қолына ұстады. Ал одан беріде күні бүгінгіге дейін мұражайдың жұмысын Тораптың кеңестің құрамына кіретін локомотив пайдалану депосы ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Красноштанова басқарып отыр.

Айта кетейік, мұражай құрудың бастау басында локомотив депосының ардагерлер ұйымының ықпалы басым болды. Мұражай алғаш ашылған жылы депоның ардагерлер кеңесін Қаматай Темірбекұлы Тоқабаев басқарған. Міне, осы ардагерлер кеңесі «тарих кенішінің» жәдігерлермен толықтырыуылына, оның күтіміне, келушілермен экскурсия өткізуге және тағы басқа ұйымдастырушылық шараларына жауаптанды. Содан беріде бұл дәстүр әлі күнге дейін мүлтіксіз жалғасып келеді. Қазір де мұражайдың барлық жауапкершілік-міндеттемелері депоның ардагерлер кеңесіне жүктелген.

Мұражайдың басты міндеті – кәсіпорынның құрылу тарихын зерттеу, оны қалыптасу-даму үдірісін кезең-кезеңмен ашып көрсету, алдыңғы буынның қол жеткізген табыстарын кейінгі буынға дәріптеу, еңбек және соғыс ардагерлерінің ерлік істерін өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, насихаттау жүргізу, үлгі ету, т.б.

– Бізге экскурсияға мектеп оқушылары, жас мамандар, меймандар және еңбек ардагерлері көптеп келеді. Әсіресе, осы кәсіпорында көп жыл жұмыс істеп, депоның дамуына үлестерін қосқан, жалынды жастық күндерін өткізген ардагерлердің мұражай үйіне деген көңілдері алабөтен. Олар депо әкімшілігінің өздерін ұмытпағандарын сезініп, сол үшін ақ алғыстары мен тілектерін арнап, жандары шуақтанып қайтады. Өткен күндердің естеліктерін айтып, өзара қауқылдасып жатады. Осыдан-ақ біздің мұражайдың осы адамдарға ыстық екенін және жас буынды еңбекке тәрбиелеуге, өткен тарихқа құрметпен қарауға үйрету үшін керек екенін білеміз және алдағы уақыттарда мұражайымыз әлі кеңейе береді, экспонаттар көбейе түседі деп сенеміз,– деді Астана қ. локомотив пайдалану депосы ардагерлер кеңесінің төрайымы әрі мұражай қараушысы Людмила Красноштанова.

Мерекелік және атаулы күндері ішкі мәдени-ағарту жұмыстарының жоспары бойынша мұражайға депо қызметкерлері келеді. Еңбек ардагерлері мектеп, колледж және жоғарғы оқу орындарының оқушылары және студенттерімен кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бұл жер қаласының ардагерлер кеңесінің, аудандық ардагерлер кеңесінің жиі семинарлар өткізетін сүйікті орнына да айналды.

Астана қ. локомотив пайдалану депосының мұражайы үш жыл қатарынан қалалық қоғамдық мұражайлар конкурсының жеңімпазы атанып келді. Өнер додасынан биыл да құр алақан қайтқан жоқ. Құрметті үшінші орынға тұрақтаған. Былтыр республикалық конкурстың бас жүлдесін иеленді.

Дәулетқали АСАУОВ
"Транс-экспресс Казахстан"
Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер