Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1064 / 29.07.2014 09:23

Жас машинистер ұстазы

Жақсылық Болатұлы кейде мекемедегі нұсқаушылардың орнын алмастырып, дәріс оқиды. Ақыл-кеңес сұраған жас машинистер мен көмекші машинистердің ешқашан бетін қақпай, әрдайым жан-жақты жауап беруге тырысады. Өйткені, өзінің де кешегі күні сақа машинистердің аузына жалтақтаған шәкірт кезі есінде. «Бала, мұны көкейіңе түйіп ал...» деп жол үстінде өзіне жиі «лекция оқитын» ұстазы жадында. Сондықтан, жылдар бойы жинаған бай тәжірибесін жас мамандармен бөлісуді, білгенін соларға үйретуді, ары-беріден соң машинистің парызы деп біледі.

Жақсылықтың әкесі Болат та бір кездері машинист көмекшісі болған. Үйлері темір жолға жақын орналасқандықтан бала жасынан пойыздар қозғалысын қызықтап өскен көп қарадомалақтың бірі.

– Қалада құрылысшылар, байланысшылар мен теміржолшылар даярлайтын санаулы оқу орны болатын. Менің таңдауым темір жолға, оның ішінде локомотив шаруашылығына түсті. Ақтөбедегі темір жол техникумында төрт жылға жуық оқыдым. "Техник-механик" мамандығы бойында дипломымды алған соң, екі жыл әскер қатарында болып келген соң ғана еңбек жолымды бастадым, – деп еске алады машинист.

Бастапқыда депоға келген жас маман өзгелер секілді машинистің көмекшілігінен бастайды. Уақыт өте келе Қазалыдағы біліктілік арттыру мектебінің нұсқауымен Ақтөбеде машинист курсын тәмамдайды. Машинистер мен нұсқаушылар дайын маман болса да пойыз құрамын сеніп тапсырмас бұрын әбден сынақтан өткізеді.

- 1989 жылы машинист ретінде жеке-дара локомотив басқара бастадым. Алғаш сапарым Ақтөбе мен Илецк аралығы болатын. Әншейінде жеткізбей қоятын екі аралыққа көзді ашып-жұмғанша жетіп келгендей болып, біртүрлі қоңылтақсып калдым, дем алмай қайтадан кері кетуге дайын едім, бірақ белгіленген уақыт аралығында демалуың шарт, ол кезде тіпті қатал болатын...- деп өткен күндерін сағынышпен еске алады машинист жігіт.

– Бастапқыда әрине жүк пойыздары құрамын тасымалдадық. Бүгінде жолаушылар пойызы құрамының машинисімін. Қазақстандық жолаушылар пойызымен қатар, транзиттік құрамдарды жеткізіп отырамыз. Ақтөбеден бір шеті Ембіге, екінші шеті Илецкіге қатынаймыз.

Машинистің қазіргі көмекшісімен жолға шығып жүргеніне небары жарты жыл болыпты.
- Машинист болғалы талай көмекші ауыстырдым. Жарты жыл, бір жыл, әрі кетсе, екі жыл бірге жұмыс істеген соң көмекшілерім өз бетімен машинист ретінде жолға шығуға дайын «пісіп-жетіледі. Әрине, ол үшін мен шын қуаныштымын. Шамам жеткенше ақыл-кеңесімді аямай, сәт-сапар тілеп үлкен жолға шығарып саламын, - дейді талай жас машинистің ұстазы атанған жігіт ағасы.

Өзі де екі ұл тәрбиелеп отырған Жақсылық Тіленов мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді. Жолдасы үйдегі сол «үш жігіттің» жайын жасайды.

- Жұбайым менің жұмысыма үйренген. Жолдан күтіп алады, жұмысқа шығарып салады. Сапар алдында тынығуыма барлық мүмкіндікті жасап, ұйықтап жатқанымда қасыма балаларды жақындатпайды, телефонның да мазаламауын қадағалайды. Бір сөзбен айтқанда, нағыз машинистің әйелі. Машинист курсында бірге оқыған 30 жігіттің бүгінде жартысына жуығы қатар жұмыс істеп келеміз. Олар тек әріптес қана емес, әрі достарым. Отбасыларымызбен араласып келеміз. Рас, машинист болған соң, кейбір отбасылық той-томалақтардың барлығына бірдей бара берудің сәті түсе бермейді. Бірақ сол айында-жылында бас қосуымызда, әңгімеміз бәрімізге ортақ сала жұмысына айналып соға беретіні таң қалдырады, бірде жаңа тепловоз «Эволюшнді» әңгіме қылсақ, екінші кездесуде ортақ тақырып жылдамдық жайы болады,- деп күледі ол.

Жақсылық Болатұлы соңғы үлгідегі барлық тепловоздарды басқаруды меңгерген. Ердің жасы елуден енді асты, денсаулық жарап жатса зейнет демалысына дейін әлі біраз жыл темір тұлпардан түспейтін шығар. Сондықтан, локомотив саласына енгізіліп жатқан жаңалық, соны техника мен технология жаңалықтарының қай-қайсысымен болса да танысуға құштар. Асқар


Ақтілеу, Ақтөбе
Суретті түсірген автор
Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер