Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1338 / 20.06.2014 00:00

Қуанышқа толы қоныстой!

20 маусым күні 190 теміржолшыға Астананың сол жақ жағалауындағы «Саранда» тұрғын-үй кешенінде орналасқан пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті.

Қоныстой иелеріне пәтерлердің кілттерін табыс еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Президенті Асқар Мамин жаңа баспананың төртінші бөлігі жас мамандарға табыс етілгенін атап өтті. Теміржол саласында қызмет ететін жас отбасылардың тұрғын-үй сұрақтарын шешу және олардың мансаптық өсімінің перспективалары — бұл маңызды уәждеме.

Қоныстойдың құрметті меймандары қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Кеңесшісі Тоқтар Әубәкіров пен танымал теміржолшы, Директорлар кеңесінің мүшесі Нығметжан Исенғарин болды. Олар барлық қоныстой иелеріне ұзақ өмір мен баянды бақыт тілесті.

Баспана кезегінде сегіз жыл бойы тұрған «Локомотив» АҚ-ның Техникалық дамыту басқармасының бас маманы Амангелді Түйменов үшін бұл күн өміріндегі ең жарқын да бақытты оқиғаға айналғаны сөзсіз:

— Бүгін менің отбасым меншікті баспанаға ие болып, барлықтарымыздың қуанышымызда шек жоқ деп айта аламын! Компания жастары мен барлық теміржолшылардың атынан еліміздің гүлденуіне мол үлес қосып келе жатқан Елбасымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұндай пәтерге ие болу үлкен арманым еді, енді осы арманым орындалды. Өз қызметкерлеріне қамқорлықпен қарайтын компания басшылығына да рақмет айтқым келіп тұр!

         

«Саранданың» болашақ тұрғындары бұл күнгі іс-шараға бүкіл отбасыларымен келді деуге болады. Олардың жүздеріндегі қуаныш компания басында жүргізілген жұмыс маңыздылығының дәлелі іспеттес.

Бүгінгі күні аталмыш тұрғын-үй кешеніндегі пәтерлерге ие болған теміржолшылардың бұл осымен екінші кезегі болып отыр. Өткен жылғы төл мереке қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің 500 жанұясы қоныстой иелері атанған болатын.

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер