Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1063 / 10.07.2014 00:00

Жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жүк айналымының жалпы төмендеуіне байланысты «Локомотив» АҚ бойынша тасымалдау жұмысының көлемдері-де төмендеп отыр.

— Жүк айналымы түсуінің жағдайларында Қоғамның барлық еңбеккерлерінің алдына шығындарды барынша азайту және барлық техникалық құралдар мен технологяиларды пайдаланудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, — деп атап өтті «Локомотив» АҚ-ның президенті Марат Медеубаев.

АҚ президенті атап өткендей, филиалдардың өндірістік процесстерін нақты талдау, атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру және өндірістік емес шығындарды қысқарту жөніндегі нақты әрі өлшенген шараларды әзірлеу және жүзеге асыру қажеті бар.

Локомотив паркін пайдаланудың бірқатар сапалық көрсеткіштерінің жақсаруы атап өтілді. Солай, локомотивтердің өнімділігі, локомотивтердің орташатәуліктік жүрісі және жылжымалы құрамның пайдалы жұмысының уақыты артып отыр. Алайда, пойыздың орташа салмағының төмендеуі сыни көзбен айтылды.

Ағымдағы жылдың алты айы ішінде жолдарда локомотивтер паркінің сапалық өзгерісі ғана емес, сонымен қатар сандық өзгерісі-де орын алған. «Evolution» сериясындағы 12 магистралдық тепловозы, KZ8A сериясындағы 8 жүк электровозы сатып алынған. Күрделі салымдардың жоспары 104%-ға орындалса керек.

Жолдағы ең маңызды деген айқындамалардың бірі — қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы. Өткен жылдың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда, бұзулардың саны бес жағдайға төмендеген. Алайда, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың айтарлықтай жағдайлары есептік мерзімнің қорытындыларын қанағаттанарлық деуге мүмкіндік бермей отыр. Бұл жағдайлардың қатарында — Шу депосы локомотив бригадаларының тыйым салу белгісінің екі өтуі, сонымен қатар Алматы және Жамбыл деполары бойынша брақтың екі ерекше жағдайы. Жолаушылар жүруінің кестесін қамтамасыз ету-де қолдан келген жоқ. Локомотив бригадаларының кінәсі бойынша жіберілген кешігулердің үлесі қанағаттанарлықсыз болып отыр.

Марат Медеубаев барлық депо жетекшілерінің назарын бүгін және бұдан арғы уақытта пойыздардың қауіпсіздік-деңгейін арттыру сұрақтарының негізгі бағытына тікелей атқарушылармен мақсатты жеке жұмыс жүргізу және олардың кәсіби-деңгейін арттыру қажеттілігіне аударды.

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер