Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1269 / 05.06.2014 12:23

Еңбек жағдайы жақсаруда

Қорғаныш құралдарын сынау, локомотивтерде жарық беру плафондарын қондыру және алмастыру, желдеткіштерді жөндеу, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген. Ай сайын кестеге сай өтетін «Еңбек қорғау» күнінде  локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіп келеді.
Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен, медициналық қорапша, басқа да керек-жарақ құралдармен жүз пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған.
Еңбек қорғау инженерінің айтуынша,  «Локомотив» АҚ бойынша орын алған әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады.
Зиянды жұмыс орнында еңбек ететін химиялық анализ лаборанттары, жылыту қазаны, мұнай өнімдерін таратушылар, барлығы 31 адамға сүт өнімдері және жеміс шырыны беріледі.  
Атырау, Ганюшкино деполары мен Ақжайық станциясында ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, ішімдік ішкен-ішпегендігін, т.б. тексеріп отыратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететін арнайы бөлмеде медбике жұмыс жасайды және наркотест, алкотес те бар. Биылғы жылдың үш айында қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша 144 адам білімін тексертіп, оқытылған.
Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау
Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер