Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Жем локомотив пайдалану депосының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін арнайы шақырып қонақ етіп күтті.
Соғыс және тыл ардагерлері алдымен Жеңіс саябағына барып, қан майданнан оралмаған сарбаздарға қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін кең жайылған дастархан басында мерекені жалғастырған ардагерлер алдында депо бастығы Д. Жалмұхамбетов кешегі ел басына күн туған алапат жылдары майданда да, тылда да ерліктің ғаламат үлгісін көрсеткен қарияларды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық, мамыражай тірлікте бақытты ғұмыр тіледі.
Дастархан басында әдемі әңгіме өрбіп, қарттар отты жылдардан естеліктер айтып, соғыс кезіндегі әндер шырқалды. Депо ұжымы мен кәсіподақ комитеті ардагерлерге естелік сыйлықтар жасады.
Нұрлан Өтесейітов, Жем локомотив депосы кәсіподақ комитетінің төрағасы
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...