Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1297 / 06.05.2014 11:41

Майдан мен тылды жалғаған...

Қанқұйлы соғыста майдан даласының ең бір ауыр нүктелеріне эшелонға тиелген қару-жарақты аман жеткізу сияқты маңызды тапсырманы мүлтіксіз орындаған ержүрек машинистердің бірі – соғыс және еңбек ардагері, Құрметті теміржолшы Анис Рогин.

Ардагер Смоленск өлкесінде дүниеге келген. Әке-шешесі дүниеден ерте озғаннан кейін балалар үйінде тәрбиеленген. Одан кейін Мичурин атындағын теміржолшылар дайындайтын училищеге оқуға қабылданады. Оқуды аяқтаған соң, өзі өтініш білдіріп, 19 жасында майданға аттанады. Онда паравоз машинисінің көмекшісі болады.Соғыстың аты - соғыс. Қолына қару алып, ашық майданға шыққан жауынгердің ерлігімен бірге сол қару-жарақты белгіленген жерге жаудың төпеп тұрған оғының арасымен «аман-есен» жеткізген машинистердің ерліктері десек болады. Негізі, жаудың барлаушы ұшқыштары эшелонға тиелген қару-жарақтың көзін құртуға баса назар аударып, ең алдымен нысанаға соны ілген. Сондықтан да осындай сұрапыл оттың арасында жүктелген міндетті қапысыз орындау да оңай емес...

– Біз майданның ең бір қиын күрделі аймақтары – Белоруссия, Украина, Брест өлкелеріне 13-15 эшелонға тиелген ауыр танктер мен зеңбіректерді тасыдық. Бұл аймақта соғыс өте ауыр болды. Біздің эшелонды жаудың барлаушы самолеттері көп аңдитын. Белгіленген жерге жету үшін апталап жол жүреміз. Кейде бір жолдағы станцияларға тоқтап, ас-суымызды алып, шамалы дамылдап отырған шақта тұтқиылдан жаудың ұшқыштары шыға келіп, бомбылай бастайды. Сол кезде эшелонды төпелеп жауған оқтан қорғау үшін пойыз жылдамдығын өсіре түсіріп, аман алып қалып жүрдік. Осындай бір қатерлі шақта жау самолеті тастаған бомбадан қатты жараландым. Брест қаласындағы госпитальда 3 ай емделдім. Осы жерде алғаш «біз жеңдік» деген сөзді естіп, қуаныштан төбем көкке жеткендей болды. Сол күн менің есімде мәңгі қалды. Содан бері 69 жыл өтіпті. Бұйыртса, алдағы жылғы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына аман-есен жетіп, қатары сиреп бара жатқан қатарластарымның қуанышына ортақтас болғым келеді, – дейді ардагер.

Соғыстан кейін қария өз сүйіп қалаған мамандығынан алыс кетпеген. Майдан даласынан бірден Қазақстанға келіп, алғаш Атбасар локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі, одан кейін Ақмолаға ауысып, осындағы Локомотив пайдалану депосында 40 жылдан астам уақыт паровоз машинисі болып істеген. Осы ұзақ жемісті еңбегі үшін ақсақалға «Құрметті теміржолшы» белгісі берілген. Соғыстағы ерлігі үшін «Еңбек қызыл ту» ордені, «Белоруссияны азат еткен», «Украинаны азат еткен» медельдарымен марапатталған.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер