Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1208 / 06.05.2014 11:40

Ақтоғайдың ардагері

Басқыншы жаумен аяусыз айқаста арпалыса күресіп, бейбіт өмірде жартылай әскери темірдей тәртіп ұстанған темір жолда өнегелі жолын жалғастырған, бүгінде елге сыйлы қарияның бірі Нұрмұхамед Майманов.

1922 жылы Семейде, Аягөз ауданының Таңсық аулында дүниеге келген ол соғыс басталған жылы-ақ, 1941 жылдың желтоқсан айында, 17 жастағы бозбала құжатына екі жасты қосып жаздырып, өз еркімен соғысқа аттанады. Минометтік ротада жаттығып, соғыс өнерінің қыр-сырына қаныққан соң, сұрапыл соғыс жүріп жатқан майдан даласына жіберіледі. Харьков бағытында дұшпанмен ұрысқа түсіп, Молдавия, Румыния, Югославия, Австрия елдерін азат етіп, жеңісті Венада қарсы алады. 1949 жылы бір-ақ әскерден босатылып, Қазақстанға оралады. Содан темір жол көлігінде машинист болып істеп, ширек ғасыр ауа зейнетке шыққан екен. Міне, зырылдаған қайран уақыт, адал жары Дәмеш екеуі алпыс жылда алты баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелей өсіріпті. Өрімдей ұл-қыздары болат жол бойында өнімді еңбек етуде. Үлкен қызы Мәкен қазір құрметті демалыста болса, ұлдардан үлкені Тайкен Ақтоғай локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисі, темір жолдағы жұмыс өтілі 36 жылға жеткен. Өз ісінің үздігі «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері. Өзгелері де ел дамуына лайықты үлесін қосуда.

Бүгінгі бақытты ұрпаққа аңыз іспетті абыз ақсақал 3-дәрежелі «Еңбек даңқы», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Бірнеше рет Ақтоғай станциясының ауылдық кеңесіне депутат болып сайланған ол қазір осы станциядағы жалғыз көзі тірі ҰОС ардагері.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер