Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1309 / 01.05.2014 09:23

Еңбек қорғау семинары өтті

Семей локомотив пайдалану депосында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай семинар-кеңес өткізілді. Оның басты тақырыбы, химиялық заттар қолданылатын жұмыс орынында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесіне арналды.

Семинарды Семей локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Аманғали Акулов ашты. Еске сала кетсек, сәуір айының 14-26 күндері аралығында депоның құрылымдық бөлімшелерінде еңбеккерлердің денсаулығын қорғау шаралары бойынша профилактикалық акциялар өткізілген болатын. Осыған орай, депо директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркінбек Тойшибаев кәсіпорындағы еңбекті қорғау мен денсаулық сақтаудың алдын алу шаралары туралы баяндады.

– Мұндай іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Осындай басқосулардың барысында еңбекті қорғауға, еңбек қауіпсіздігін сақтауға, кәсіби аурулардың алдын алуға жұмыс берушілердің, жұмысшылардың, қоғамдық бірлестіктердің назарын аударуға үлкен мүмкіндік туады. 2014 жылдың бірінші тоқсанында филиалда алдыңғы жылдармен салыстырғанда өндірістік жарақат алу мен бақытсыз жағдайларға ұшырау оқиғаларына жол берілген жоқ, – деді Еркінбек Кенжебекұлы.

Ал кәсіпорынның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Данияр Бекишев Семейдегі негізгі депода және Дегелең айналым депосында «28-ші сәуір-Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» деген ақпараттық тақта ілініп, кәсіподақ төрағасымен бірлесіп жұмыс орындарында «Химиялық заттар қолданылатын жұмыс орынында еңбекті қорғау» және 2006-2013 жылдардағы «Локомотив» АҚ өндірістік жарақаттар» тақырыбында жиындар өткізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар зейнеткерлікке шыққан жұмыскерлердің үйді-үйлерін аралап, көмек бергендерін айтып, бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарға толық баяндап берді.

Семинар кеңеске санитарлық эпидемиология станциясы мамандары, темір жол ауруханасының өкілдері де қатысты. Олар өз кезегінде көлік саласындағы сақтандыру шараларын тұрақты жүргізуге назар аударды. Жиынды қорытындылаған директордың орынбасары Аманғали Зияданұлы кәсіпорында өндірістік жарақатқа жол бермеу үшін профилактикалық кешенді шараларды бірлесе жасап, жүргізуге жиынға қатысушыларды шақырды.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер