Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Біз бауырмал халықпыз...
1624 / 01.05.2014 11:22

Біз бауырмал халықпыз...

Маңғыстау локомотив депосына отыз жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан машинистердің бірі, лезгин ұлтының өкілі Гидаят Гасанов Қазақстанға жігіт шағында келді.

Әзірбайжан елінен өз қандастарының ортасына Ақтауға келген ол қазақ халқын – өте бауырмал, қонақжай және ақ жүректі ұлт деп санайды.

– Әскерден кейін келіп, өмірімнің жаңа беттерін ашқан Қазақстан елі – бүгінде менің өз Отаным. Тіліміз бен түріміз де ұқсас, әдет-ғұрып салтымыз да ұқсас халықтармыз. Әсіресе, біз де қазақтар секілді өте бауырмал халықпыз. Қазақтардың қыз ұзатуы, құдалық жасауы секілді той дәстүрлері бізде де бар. Қазір мұнда Лезгиндер қоғамында қандастарымызбен бас қосып отырамыз. Осы татулығымыз бен бірлігіміз арта берсін деп тілек айтамын, – дейді машинист.

Темір жолдағы қызметін вагон депосында қарапайым жұмысшы болып бастап, кейіннен локомотив депосына қызмет ауыстырған Гидаят Алладинұлы Атырау темір жол мектебінен машинист көмекшісі мамандығы бойынша білім алады. Жүк және жолаушылар пойыздарын тасымалдауда локомотив бригадасында еңбек ете жүріп, Ақтөбеде білімін жетілдіріп, машинистікке біліктілігін арттырды. Бүгінде 2 сыныпты машинист Маңғыстау станциясында маневрлық локомотивтерді жүргізіп жүр. Үш баланың әкесі атанған жігіт ағасы өмірдің бар мәні – отбасым мен қызметім деп санайды. Әріптестері Гидаятты ақжарқын да көңілді жүретін өте оптимист жан деседі, жиын-тойдың гүлі, әсіресе өз ұлтының биі лезгинканы билегенде жұрттың бәрін таң қалдырады екен.

Райхан РАХМЕТОВА

Маңғыстау

Поделиться:
Популярные новости
1769 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1508 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1372 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер