Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Дүниежүзілік Еңбек қорғау күніне орай Шымкент локомотив айналым депосында жұмыс барысында өндірістік жарақат алған машинист пен оның көмекшілеріне көмек көрсетілді.
Шымкент айналым депосының еңбек қорғау инженері Әділхан Әмірхановтың айтуынша, аталмыш депода темір тұлпарды тізгіндеп жүріп абайсызда жазатайым оқиғаларға ұшырап, еңбекке жарамсыз болып қалған машинистер мен олардың көмекшілері тізімде тұрады.
Осы күні аталмыш депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрман Дүйсенбеков бастаған сала қызметкерлері алды 80-ге, соңы 70, 65-ке жақындаған бұрынғы машинист мен машинист көмекшілерінің үйіне барып, жағдайымен танысып қайтты. Көмек қажет болғандардың ауласын тазалап, үйін сырлауға, болмаса қол күшіне мұқтаж дала жұмыстарына жәрдем берді. Кезінде жастық шағын темір жолдың дамуына арнаған сала мамандарын ұмытпай іздеп барып, қал-жағдайын сұраудың өзі мүгедек жандардың дертіне шипа болып, бойына күш-жігер беретіні анық.
Сондай-ақ, осы күні Шымкент қаласында Дүниежүзілік Еңбек қорғау күніне орай конференция өтті. Конференция барысында облыс мекемелері мен кәсіпорындары арасында еңбек қорғау мен оның жағдайын жақсарту және еңбек заңнамасының сақталуын үздік ұйымдастыру бойынша байқау өткізілген болатын. Байқау нәтижесінде өз қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін оншақты кәсіпорынмен қатар Арыс пайдалану локомотив депосы да жеңімпаз атанды.
– Еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жыл сайын арнайы іс-шара өтеді. Биыл да депо бойынша зейнеткерлермен жұмысшылардың басын қосып үлкен жиын ұйымдастырамыз. Онда сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстарының ауырлығы мен зиянды жақтары ортаға салынады. Сонымен қатар, мекеме бойынша кімге қандай көмек керектігі айтылмақ.
Жылына бір баратын демалыс орындарына жолдама беру шарасы да қаралмақ. Жиын соңында ардагерлерімен әңгіме-дүкен құрып, шай беріледі, – дейді Әділхан Әмірханов.
Динар МЕЙІРМАН
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...