Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1234 / 26.04.2014 11:39

«Мініс көліктері» мінсіз болсын

Бүгінде бүкіл темір жолда көктемгі комиссиялық байқау жүріп жатыр. Сәуірдің 10-нан бастап «Локомотив» АҚ филиалы – «Семей локомотив пайдалану депосында» да көктемгі комиссиялық байқау қарқын алып, темір тұлпарлардың жазғы тасымалға жарақтылығы сын тезіне түсіп жатыр.

Байқауға мүліктік парктегі пайдалану жұмыстарына жегілген барлық локомотивтер қатысып, түгел сапқа қойылды. Шаруашылықтағы түйіні шешілмеген түйткілдерді анықтап, оларды қалыпқа келтіру мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тұтастай алғанда локомотивтерді алдағы көктемгі-жазғы маусымдық тасымал жұмысына сақадай сай етіп дайындауды мақсат тұтатын байқау, шынында да семейлік локомотившілердің қауқарын байқатып отыр деуге болады.

Байқау барысында темір тұлпарлардың барлық тораптары тыңғылықты тексеріліп, әсіресе өртке қарсы, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен қондырғыларға, желдеткіш жүйесіне айрықша назар аударылуда.

Көктемгі комиссиялық байқау барысы апта сайын селекторлық жиында қаралып, жалпы 31 мамырда мәреге жетіп, қорытындысы 10 маусымда шығарылады деп күтілуде.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер