Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1241 / 17.04.2014 10:54

Ынтымағы жарасқан ұжым

Түркістан локомотив пайдалану депосына қарасты локомотивтердің бүгінде 40 пайызы «Эволюшн» ТЭ33А сериясындағы жаңа тепловоздармен жаңартылған. Соның нәтижесінде аталған кәсіпорын пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, үздіксіз тасымалдау үдерісін жүзеге асырып келеді.

Кәсіпорын тізгінін ұстаған білікті локомотивші маман Мақсұт Искендиров соңғы төрт жылда ұжым жұмысында түбегейлі оң өзгерістер болғанын айтады. Айталық, кәсіпорынға электронды құжат айналымының корпоративтік бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама басқарушы-реттеуші құжаттарды жасау және рәсімдеу процедурасын әлдеқайда жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге ықпал етіп отыр. Сонымен қатар ең маңызды жұмыс жұмыскерлерге техникалық дәріс беру бөлмесінде жүргізілді. Оқу сыныбы қажетті тренажерлармен, кеңселік жиһаздармен, замануи оргтехникалармен, схемалармен және көрнекі оқу құралдарымен жабдықталса, сапар алдында локомотив бригадалары үшін нұсқаулық жүргізілетін бөлмеге бейнеаппаратуралар орнатылды. Бұл өз кезегінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қатысты бейнефильмдерді көзбен көріп, есте сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Егер Түркістан локомотив пайдалану депосына жолыңыз түсіп бара қалсаңыз, онда кәсіпорын аумағында орналасқан Ардагерлер аллеясына көзіңіз түсер еді. Бұл аллеяның салынуына қаражатты депо қызметкерлері өз қалталарынан шығарып, құрылысты бір минутта тоқтатпай, күні-түні жұмыс істеулерінің он бес күн ішінде өз күштерімен салып шығыпты. Биыл аллеяның бой түзегіне төрт жыл толмақ. Аллеяның ескерткіш тізімінде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ, соғыс жылдарынан кейін темір жолдың қалыптасуына және дамуына сүбелі үлес қосқан теміржолшылардың есімдері ойып тұрып жазылған.

– Ардагерлер аллеясы – Отан алдындағы борышын қан мен тер төге жүріп, абыроймен орындап, Жеңісті алып берген азаматтарға құрмет деп білеміз. Ардагер-әйелдер арасында Ұлы Отан соғысы жылдары паровоз көмекшісі болып жұмыс істеп, жүк пойыздарын жүргізе отырып, майданға қатысушыларды қару-жарақ, оқ-дәрімен және әскери техникамен жабдықтаған Любовь Павловна Зарецкая бар. Қазір құрметті соғыс ардагері тоқсанның үшеуіне келді, – дейді кадрлар бөлімінің қызметкерлері мақтанышпен.

Төрт жүзден астам адам қоян-қолтық жұмыс істеп жатқан ұйымшыл ұжымның ажарын келтіріп, ынтымағын жарастырып отырған 32 әйел бар. Көбінесе олар локомотив бригадаларының нарядтаушысы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторлары, жылдамдық өлшеуіш ленталары мен регистрация кассеталарын ашып оқу инженерлері, басқару аппаратының инженерлері мен мамандары, кадрлар, канцелярия сынды қызметтердің «ұршығын» иірген мамандар. Атап өтерлігі, кәсіпорында «Әйелдер кеңесі» деп аталатын қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Оны Түркістан депосының ыстығы мен суығына бірдей жүріп, мекемеге бақандай 35 жыл ғұмырын арнаған оперативті-техникалық есеп орталығының бастығы Райхан Бейсенова басқарады. Бұл кеңес депо қызметкерлері, әсіресе, әйелдер арасында орын алған сан түрлі түйткілдерді шешуге, оңтайлы шешімдер қабылдауға атсалып келеді.

Ұжымда теміржолшылар әулетінің дәстүрін қалыптастырып, ата кәсібін жалғастырып отырған қызметкерлер де аз емес. Депо басшылығы мен кәсіподақ комитеті бүгінде көпжылғы еңбегінің зейнетін көріп отырған зейнеткерлерін де, соғыс және тыл ардагерлерін де ұмыт қалдырмай, әр мерекеде оларды дастарқан басында жинап, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтеруді дәстүрге айналдырған.

Дина ЖАЙЫҚ

Қазақстан темiржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер