Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1747 / 10.04.2014 20:00

Темір жол мамандары автокөлік иелерін жол жүру ережелерін бұзбауға шақырады

Жүргізушілер темір жол торабында жол қауіпсіздігін сақтай бермейді. Бұған сала мамандары алаңдаулы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тек өткен жылы шойын жолда 33 төтенше жағдай тіркеліп, 7 азамат қайтыс болды. Темір жолдағы қақтығыстардың алдын-алу үшін, бүгін «Локомотив» АҚ қаладағы автомектептердің бірінде арнайы дәріс өткізді. 

«Темір жол торабындағы қозғалыс қауіпсіздігі». Тап осындай тақырыппен бүгін елордадағы автомектептердің бірінде жоспардан тыс сабақ өтті. Болашақ көлік жүргізушілеріне шойын жолдан өту ережелері түсіндірілді. Бұл ережелер көпшілікке таныс секілді көрінгенімен, пойыз бен көліктің қақтығысынан зардап шеккендердің саны артуда. Жыл сайын шойын жолдарда 30-дан  төтенше жағдай тіркеледі.

Марат Шәкенов, «Локомотив» АҚ атқарушы директоры:
- Пойыздарға қақтығысып жатқан автомобиль көліктері және адам өлімі жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Соған байланысты біз мекемелерде және мектептерде балалармен, жол бойындағы біздің бөлімшелердің барлық жерінде осындай шаралар қолданып жатырмыз. Халықтың барлығын ескертіп. Осындай жағдайға тап болмайтындай қылып.

Темір жол торабындағы қақтығыстан аман қалатындар аз.  Себебі, локомотивтің салмағы 250 тонна. Оның жылдамдығы сағатына 110 шақырым. Ал, тежегіш жолы 500 метр. Көп жағдайда шойын жолдағы апатқа көлік жүргізушілері себепкер болады. 

Марат Шәкенов, «Локомотив» АҚ атқарушы директоры:
- Бірінші кезекте автомобиль мен темір жолдың арасында шлагбаум бар. Оның алдында тұратын әртүрлі жол белгілері бар. Қазіргі кезде өткелдерде күзет тұрады. Күзет тұрмайтын жерде адамдар асығып өтіп кетемін деп Маңғыстаудағы жағдай сияқты болған. Миллиондаған шығын, одан былай адамның өмірі кетіп жатыр.

«Локомотив» мамандары автокөлік иелерін аса қырағы болуға, жол жүру ережелерін бұзбауға шақырады. Ал, ережені елемегендер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

http://www.khabar.kz/kz/view/obwestvo/page_71263_temir-zhol-mamandary-avtokolik-ielerin-zhol-zhyru-erezhel


Поделиться:
Популярные новости
2361 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер