Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
                              Машинистер ауылындағы мереке
1131 / 29.03.2014 11:59

Машинистер ауылындағы мереке

Қызылорда локомотив пайдалану депосы ауласына бір түнде «Машинистер ауылы» көшіп келіп қонған ба дерсіз, алты қанат ақ үйдің жанында орнатылған алтыбақанда қос етекті бүрмелі көйлек, оқалы шапан киген қыз-жігіттер тербелсе, анау шетте балуандар белдесуде. Ал волейбол алаңында қос команданың ойын өрнегі қызуда.

– Берекенің бастауы, бірліктің ұйтқысы – Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Қызылорда локомотив пайдалану депосы Ұлттық компания межелеген барлық міндеттерді толығымен атқарып, өндірістік тапсырмаларды жоғары көрсеткіштермен орындап, Наурызды табысты қарсы алуда. Қымбатты ардагер ағалар, апалар! Бұл күнге біз алдымызда Сіздер жүріп өткен даңғыл жолмен, сіздерден алған тәлім-тәрбиенің жемісімен, сіздерден жинаған тәжірибенің арқасында қол жеткіздік. Наурыз елдің берекесін арттырып, ұжымның еңбек өнімділігін арттыруына сеп болғай! – деген жүрекжарды ақ тілегін жеткізді Қызылорда локомотив пайдалану депосының директоры Жұлдызбай Мұсаев.

– Ежелден ата-бабамыз ерекше мән берген жыл басы Наурыз – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың, шаттық пен қуаныштың мерекесі. Ұлыс күні адамдар араға түскен жікті өшіріп, төс түйістіріп, кінәларын кешіріп татуласатын күн. Сондықтан Ұлыс оң болсын деп, тек жақсылық тілейік жаңа күннен, адам сыйлағанның құлы деген, сыйластықтарың арта берсін, – деп бата берді депо ардагерлері атынан қажы Сералихан Ахметов.

Наурыз мерекесіне орай өткен спорт ойындарында кір тасын көтеруден де, қазақша күрестен де машинистер арасында Жансұлтан Мазиевке шақ келер ешкім болмай, қайраты тасыған жігіт бас жүлдені иеленді. Машинист көмекшісі Бекзат Қалекеев палуандар сайысында жүлделі екінші орын иеленіп, ол да бағалы сыйлық алды.

Наурызды осындай шат-шадыман көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған «Машинистер ауылы» Ұлыстың ұлы күні ат басын бұрған қонақтарын түгел құшақ жая қарсы алып, ерекше қонақжайлылық танытты.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда

Қазақстан темiржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер