Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Балқаштағы береке
1096 / 29.03.2014 11:58

Балқаштағы береке

Халық арасында «Самарқанның көк тасы еритін күн» болып есептелетін ұлық мерекені Балқаш бекетінің тұрғындары да ерекше көңіл-күймен атап өтті. Қаз-қатар тiгiлген киiз үйлер, бекетке ерекше көрік беріп, асқақтата салған ән мен күмбірлеген күй салтанат шырайын аша түскен...

«Әр шаңыраққа бақ қонып, Қыдыр даритын күнде» бекеттегі барлық темір жол мекемелерінің киіз үйлері қаз-қатар тігілген ақ ауылдан Балқаш пайдалану локомотив депосының да алты қанатты қос киіз үйі орын теуіп, мерекенiң думанын қыздыра түсуге атсалысуда. Қайсы шаңыраққа бас сұқсаңыз да әсем ән мен жырдан шашу шашылып, домбыра шағанына күй төгiлуде. Локомотившілер тіккен қос үйдің ауласында мәдени мұра ретiнде туған халқымен қайта қауышқан «Қара жорға» биi қайта-қайта биленiп, төіректегі тойшыл халықты өзіне жинауда. Бұдан бөлек спорт алаңшаларында ұйымдастырылған қазақша күрес, арқан тарту, тоғызқұмалақ т.т. ұлттық ойындарға деген жұрттың ықыласы ерекше болды. Халық жадында ұмыт бола бастаған аударыспақ, тас көтеру, алтыбақан, қол күрестіру сынды ұлттық ойындарға дейін қайта жаңғыртылып, тепсе темір үзетін жігіттер өз өнерлерін сынға салуда.

Ауыл-ауыл болып тігілген киіз үйлер қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Ахмадиев Дулат Тілегенұлы басшылық етіп отырған Балқаш пайдалану локомотив депосының ұжымы қазақтың «Тұсау кесу» рәсімінен көрініс көрсетті. Тұсау кесуді ұлағатты, қадірменді, көпке сыйлы адамға жасатады деген ырыммен қала әкімі Н.Әубәкіров мырза қос теміржолшы - тепловоз машинисі Жарқымбек Данияр мен тасымал құжаттарын өңдеуші оператор Айнұрдың 29 наурызда 1 жасқа толатын ұлдары Нұрдәулеттің тұсауын кесу құрметіне ие болды. Қала әкімі сәбиге ақ тілегін айтып, «қадамың құтты болсын, сүрінбе, талма, үлкен жігіт болып өс» деп тілегін білдіріп, сәбидің тұсауын кесті. Жиналған ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер батасын беріп, сәбидің алғашқы қадамына құтты болсын айтып, шашу шашты.

Күн мен түн теңеліп, аспан денелері ерекше көңіл-күйге енетін жыл басы – әз Наурызды өткізуде бекеттегі темір жол мекемелерінің еңбегі ерекше болғаны байқалады. Табақ-табақ ет тартып, көпшілікті наурызкөжеге тойдырған теміржолшылардың қонақжайлығы мен дархан пейіліне риза болмаған жан жоқ.

Балқаш қаласының әкiмi Н.Әубәкіров жиналған дүйім жұртты Ұлыстың ұлы күнiмен құттықтап, Наурыздан наурызға дейiнгi жетiстiктердi жария етті. Қалалық мешіттің имамы елге, жерге жақсылық, молшылық, табыс, береке, ынтымақ, бiрлiк тiлеп, ақ батасын бердi. Ал, кимешек киген аналар жаңа күннiң дәмi – Наурыз көже, бауырсақ, тәттi торалғыларын көпшiлiкке үлестiрiп, ақтан ауыз тигiзіп, құрт пен ірімшіктен шашу шашып, «Береке, Балқашқа береке келді, ағайын! Ақ мол болсын, бақ қонып, Қыдыр дарысын!» деп жар салысты...

Баяндинова Анар,

Балқаш

«Қазақстан темiржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1769 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1508 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1372 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер