Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Химия – темір жолға да керек
1553 / 07.03.2014 07:33

Химия – темір жолға да керек

Маржан Мусинқызының Маңғыстау локомотив пайдалану депосында жұмыс істеп келе жатқанына ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Бүгінде ол депоның аға зертханашысы. Локомотивтегі зертхана жұмысы – қауіпсіз қозғалыс үшін ең маңызды екенін екінің бірі біле бермес.

Локомотивтердің суы мен майының құрамы уақытылы зерттеліп, тексеріліп отырмаса, тепловоздар жүрісінің қауіпсіз қозғалысына көлеңке түсер еді.

Оның негізгі мамандығы – химик. Ресейде жоғары білім алып, тәжірибеден өтуге туған жердің темір жол депосына келген жас Маржан осында тұрақтап қалыпты. Бүгінде тәжірибелі, білікті маманға деген сұраныс жоғары, әлі күнге ірі мұнай компанияларынан қызметке жиі шақырулар келеді. Өзінің айтуынша, ол темір жолдан, үйренген зертханасынан, бауыр басып қалған ұжымынан кеткісі келмейді екен. Жастайынан химия пәнін жетік біліп, дәрігер болуды армандаған ол өмір арнасымен өзге мамандықтың тізгінін ұстапты. Бүгінде төрт бала өсіріп отырған Маржанның бастапқыда дәрігер болу туралы арманын қыздары жүзеге асыруда екен. Тумысынан күрделі сала химияға жақын болған әпкеміз темір жолда еңбек етіп жатқанына еш өкінген емес. Зиянды қызмет түріне жатса да, күнделікті өз зертханасынан табылу – бір мәртебе. Әрине, оның қызметінің денсаулыққа зияндылығы үшін депо тарапынан сегіз пайыздық үстемақы төленіп келеді, күнделікті сүттері беріліп тұрады.

Түрлі пішіндегі шыны құтылар қолдан қолға өтіп, дизель майының иісі мүңкіген зертханада күн сайын жұмыс қызып жатады. Өзі мен қарамағындағы үш әйел зертханашы және бір сынама алушының негізгі қызметі – локомотив майы мен суының сапасын анықтап, келеңсіздіктер жөнінде бас инженерге мәлімдеме жасау.

– Май сапасын жылдам анықтайтын жаңа заманауи құралдар бізге 2005 жылдан бері жеткізіле бастады. Май құрамын тексергенде бұрын қарапайым электрикалық плитаны пайдалансақ, қазірде оңай жұмыс жасалатын ТВЗ деген жабдықты қолданамыз. Локомотив майлары жөндеуде тұрған кезде, американдық тепловоздар майы 15 күнде бір, маневрлық тепловоздар майы 5 күн сайын тексеріледі. Тепловоздарға қолданатын су тұзсыз болуы керек. Оны өзіміздің «МАЭК-Казатомпром» мекемесінен алдырамыз. Сондай-ақ судың бойында налкасы болуы керектігін қадағалаймыз. Ал локомотивтерді маймен «Тех Қазақстан» және «Қамқор локомотив» мекемелері жабдықтайды және өзімізге де цистернамен май келеді. Су мен майдың құрамы қандай болу керектігі арнайы бекітілген мемлекеттік стандарттар бойынша анықталады. Майдың он шақты түрі болады. Мәселен, американдық локомотивтерге Д2, В12 және Лукойл майлары ғана пайдаланылады, – дейді қарапайым адамдар үшін тым күрделі саланы жетік меңгерген Маржан Мусинқызы.

Шағын зертханада әрқайсысы көлеміне қарай жүздік, бестік, бес жүздік деп бөлінетін колбалар мен стакандар, цилиндрлер, кубик шыны ыдыстардың түр-түрі тұр. Жуылған ыдыстарды кептіру шкафы, майдың сұйықтығын анықтайтын термотел жабдығы мен сараптау және электрлік таразылар болатынын да осы зертханадан көруге болады. Бір сәттік кездесуде өз кәсібіне адал мамандар ғана шоғырланған шағын зертхананың локомотив шаруашылығындағы алып күші барына көз жеткіздік.

Райхан РАХМЕТОВА,

Маңғыстау

Суретті түсірген автор

Қазақстан темiржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер