Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
                                      Таспа оқу шебері
1491 / 06.03.2014 09:16

Таспа оқу шебері

- ...Жылдамдық лентасы өзге көлік құралдарындағы, мысалы ұшақтағы «қара жәшік». Біздерде бұл жылдамдық лентасы делінеді, оның заманауи нұсқасы қазіргі жылдамдықтың электронды кассетасы.

Ал сол жылдамдық кассетасы мен таспасын оқитын біздер пойыздың «гаиишнигі» секілдіміз. Себебі, пойыз машинисінің әр рейсінен кейін ол бару нүктесіне жеткеннен кейін оның жүрісін май шаммен қарағандай талдаймыз. Бұл біріншіден, біздің міндетіміз, екіншіден, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, кемшілік бола қалған жағдайда оның қайталануына жол бермеу, – дейді өз кәсібінің шебері атанған келіншек.

Осыдан отыз жыл бұрын Қызылорда темір жол техникумын тәмамдаған алғашқы түлектер қатарында Ғалия Ерғалиқызы Байсақалова да бар болатын. Жылдамдық таспасын талдаушы техник деген мамандық жас түлек туған жері Қазалыдағы локомотив депосына жұмысқа орналасады.

Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану алғашқы кезде кім-кімге де оңай емес, оның үстіне бұл ешқандай олқылықты кешірмейтін темір жолдың локомотив шаруашылығы болса.

– Менің алғашқы ұстаздарым, нұсқаушы-тәлімгерім Мария Ивановна Денисова мен Владимир Носов болатын. Ол кезде депода пойыздардың жүріс жылдамдығы жылдамдық таспасы арқылы сарапталатын еді. Оның «тілін» ерінбей-жалықпай маған сағаттап үйреткен сол ұстаздарыма күні бүгінге дейін алғысым шексіз, – дейді бүгінде Қазалы айналым депосының жылдамдық таспасын талдаушы-инженері Ғалия Ерғалиқызы.

Пойыздың жүрісі жазылатын жылдамдық таспасы-қағаз түрінде жазылады. Таспада тепловоз машинисінің автотежегішті қалай басқаны, пойыз бағдаршамының қай жарығынан қанша жылдамдықпен өткендігі, пойыздың станцияға кіру-шығу барысы бәрі жазылып отырады. Бір сөзбен айтқанда, жылдамдық таспасы, мысалы пойыздың Қызылордадан қай уақытта қандай жылдамдықпен шығып, Қазалыға дейін қанша бекет, қанша станциядан қандай жылдамдықпен жүріп өткен жолының үтір-нүктесін қалдырмай жазатын құрылғы. –Бүгінгі таңда өндіріске жаңа технологиялар көптеп енгізілуде. Соған лайықты біліміміз болу үшін біздерді білім жетілдіру орындарына, семинарларға жиі жібереді. Мен мысалы, 2008 жылы пойыздар қозғалысының жылдамдығын оқудың кассеталы-электронды формасын талдауды Мәскеу қаласында ұйымдастырылған таспа оқушылардың білімін жетілдіру курсында меңгердім. Осы жылдан бастап біздің депода электронды жылдамдық кассетасы өндіріске енгізілді. Қазір жылдамдық таспасы да, электронды кассета да қолданылады. Электронды кассетада Қазалы мен Сексеуіл станциялары арасына қатынайтын жолаушылар пойызы, Қызылорда мен Қазалы арасында бүкіл жылжымалы құрамның қозғалысы жөніндігі мәлімет жинақталады. Біздің жұмысымыздың ең басты мақсаты жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылап, жылжымалы құрамдардың қозғалыс жылдамдығына арнайы құрылғылардың көмегімен сараптама жасау. Пойыз жылдамдығын жазып-өлшеуші электронды кассет-картаның жылдамдық таспасымен салыстырғанда ерекшелігі айқын. Электронды картада пойыз жолының координаты, бекеттер, темір жол өткелдері, темір жол бағдаршамдарына дейін енгізулі, онда пойыздың қозғалысы, машинистің қай жылдамдықпен қай телімнен өткендігі, оның тежегішті қалай басқанына дейін көрсетіліп тұрады. Тіпті бұл құрылғылар машинистің қырағылығын да пайымдай алатын ақылды құрылғылар. Қазір қолданыстағы электронды кассетаны оқитын арнайы бағдарламалар бар. Электронды кассета жылдамдықты көрсете алады. Рейстен оралған машинист депо кезекшісіне кассета мен таспаны арнайы журналға тіркеп өткізеді. Ал, рейс барысында «қозғалыста өзгеріс болса» таспа мен кассета арнайы сейфке салынып, құлып салынады. Оны мен барып қол қойып алып, сараптама жасап болған соң кері қайтарамын. Жылдамдық таспасы мен кассеталардың қай кезде алынғаны және қай уақытта кері қайтарылғаны журналда рәсімделеді. Сараптама жасалғандарды машинист-нұсқаушылар үш тәулік ішінде қарап шығуға міндетті, – дейді таспа оқудың шебері Ғалия Ерғалиқызы.

Отыз жылға жуық бір орында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Ғалия бүгінде жас мамандарды тәрбиелеп-үйретуде. Қазіргі таңда Ғалияның жанында үш тәжірибе жинақтаушы шәкірті таспа мен электронды кассетаны оқудың мәнісін ұғынуда екен.

Тәулігіне 40 шақты лента мен 20-25 кассетаның ішіне жазылған «құпияның» кілтін тауып, сырын талдап, сараптама жасайтын Ғалия ұжымына сыйлы, өзіндік орны бар маман. Енді ше, қос рельс үстімен жүйткіген темір тұлпар мен оның «шабандозының» тынысын танитын жылдамдық таспасын оқу жылжымалы құрамдардың қозғалысы қауіпсіздігін бабында ұстауда маңызды рөл атқарады.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда

Суретті түсірген автор

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер