Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жаңа электровоз – өндірістік тәжірибеде
1593 / 14.01.2014 10:14

Жаңа электровоз – өндірістік тәжірибеде

Отандық өндірістен шыққан KZ8А сериялы жаңа жүк электровоздары өндірістік пайдаланымға беріле бастады, - деп хабарлайды «Локомотив» АҚ баспасөз қызметі. Аталған темір жол саласындағы заманауи әрі қуатты техника түрі, Астана локомотив пайдалану депосы аясында, Екібастұз – Тобыл және Екібастұз – Пресногорьковск телімдерінде кәдеге жарауда.

Осы орайда еске сала кетсек, 2010 жылдың 27 қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция еліне ресми сапары шеңберінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ («Локомотив» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС) мен «Alstom Transport» және «Трансмашхолдинг» ЖАҚ арасында бесінші буындағы тиісті локомотивтерді жеткізу жайлы келісімшартқа қол қойылған еді. Уағдаластық ауқымында «Локомотив» компаниясы 2013-2020 жылдар аралығы 200 жүк және 95 жолаушы электровозын сатып алмақ ниетте.

– Назардағы алып машиналар валидациялық пайдаланымдық сынақтарды былтырғы сәуір-маусым айлары мезгілінде Астана – Ерейментау телімінде еңсерген болатын. Бұл кезеңде оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі қарастырылды. Шартты түрде белгілі бір қалыптан тыс жағдайлар жасалып, локомотивтердің олардан сүрінбей өтуі көзделді, – деп әңгімелейді Астана локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Дмитрий Пивень.

Пайдалану жұмыстарына арналған сапар 2 желтоқсан күні Астана – Екібастұз болат жолында жүргізілген. Үр жаңа темір тұлпарды Мұрат Тәжібаев есімді білікті маман тізгіндеп, оған машинист-нұсқаушы Александр Недюжин көмектескен.

– Машина қолданысқа ыңғайлы, жайлы, атам заманғы ВЛ80 электровозынан әлдеқайда қарқынды сипатта. Басқару да оңай. Ең бастысы дұрыс қимылдап, игілікті істер тәртібінен ауытқымаған жөн. Себебі, локомотив борттық компьютермен жабдықталған. Кейбір техникалық кінәраттар жақын арада түзетілетіні даусыз. Оның үстіне, бұл кемшіліктер тартым құралын жүргізу сапасына әсер ете алмайды. Барлық тарапқа ұнаған жаңа локомотивке мініп үлгерген машинистер, ескі дүниеге қайта оралғысы келмейді, - деп ой бөліседі Александр Недюжин.

Бүгінгі таңда, М.Тәжібаев пен А.Недюжиннен басқа, жаңа электровозды басқару құқығына тағы үш машинист пен екі машинист-нұсқаушы ие болыпты. Бұл локомотив шаруашылығы қызметкерлерінің жинақтаған тәжірибесі бай екендігін, келешегінен зор үміт күттіретінін атап өткен абзал. Сайдың тасындай іріктелген сақа жігіттерді Франциядан ат шалдырған сарашылар мен елорда жанындағы ЭҚЗ өкілдері оқытып, күрделі істің қыр-сырына қанықтырған.

25 желтоқсан мен 3 қаңтар күндері ЭҚЗ өнімі Астана – Железорудная телімінде салмағы 7000 тонна динамометрикалық вагондарды тартымға алып, тасымалда жүйткіген. Бұрын мұндай көлемдегі кен өнімін үш секциялы локомотив апарады екен. Сынақ жұмыстары көрсеткендей, қуаттылығы жағынан жаңа локомотив үш секциялы «туысқанына» тең дәрежеде екені таразыланған. Сондықтан, тиімділі мен табыстылығы ешкімнің ойында күмән тудырмайтыны анық.

KZ8A электровозы «Прима» негізіндегі жүк электровозы бойынша жобаланған. Содан кейін 1520 мм жолтабанынан бейімделіп, -50 мен +50С шегіндегі Қазақстанның құбылмалы ауа райына келетіндей сараланған.

Аталмыш электровоздың нақты қуаттылығы 8800 кВт, конструкциялық жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Кешенді микропроцессорлық басқару және диагностикалау жүйесі электровоздың барлық жүйесін назарда ұстауға мүмкіндік бермек. Негізгі механикалық жарақталуы 2 секциялы шанақтан, 4 дана қос білікті арбашықтан тұрады. Басқару кабинасының беткі бөлігіндегі терезенің төменгі жағы, оқыстан электровоз бөгде затпен соқтығысып жатса, машинистерді қорғайтындай күшейткіш белдеуге ие. Ал, тежеуіш саймандары туралы әңгімелесек, механикалық тежегіш жүйе автоматтық-пневматикалық тәсіл бойынша міндетін жүзеге асырады. Электрлік-динамикалық түрі болса, генератор келбетіндегі тартымдық қозғалтқыштар арқылы қызметін атқарады. Апаттық шұғыл тежеу жүйесі 12.2.056 мемлекеттік стандартына сәйкестелген.

ВЛ80 электровоздарының орның басып, ауыстыруы мақсат тұтылған KZ8A электровоздары электр қуатын жұмсаудағы шығынды азайтып, айтарлықтай экономикалық үнемділікті сездірмек. Жөндеуаралық жүрісті көбейту есебінен, техникалық күтіп-баптау мен ағымдық бүтіндеу шаруалары жеңілдемек. Сондай-ақ, локомотив бригадаларының еңбек ету жағдайы жақсармақ.

Қазіргі кезде бірқатар машинистер мен машинист-нұсқаушылар легі Астана локомотив пайдалану депосының қабырғасында оқу сабақтарында көкжиегін кеңейтіп, өрісін ұзартқан.

2020 жылға дейін «Локомотив» АҚ аталған серияға жататын тағы 188 электровозды пайдаланымға қабылдамақ.

Ирина БЕКЕТОВА

Тәңірберген АРҒЫН

«Казахстан темиржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер