Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1328 / 08.01.2014 00:00

Қазақстанда жаңа үлгідегі жүк электровоздары тәжірибелік пайдалануға берілді

КZ-8А сериясындағы 12 алғашқы жүк электровозы тәжірибелік пайдалануға берілді. «Локомотив» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, электровоздарды сынау шаралары Екібастұз — Тобыл, Екібастұз — Пресногорьковская телімдерінде жүзеге асырылуда.

Мамандардың атап өтуінше, аталмыш полигондардағы жаңа локомотивтерді пайдалану жаңа техниканың барлық артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға мүмкіндік бермек.

KZ8A электровозының алғашқы үлгісін жобалау кезінде «Прима» сериясындағы жүк электровозы негізге алынған болатын. Бұдан кейін -50 және +50С аралығындағы температуралық тәртіптегі Қазақстанның климаттық жағдайларында пайдаланудың техникалық талаптарының негізінде оны 1520 мм жолына бейімдеу жұмыстары жүзеге асырылды.

«Аталмыш серияға қарасты екісекциялы электровоздың номиналдық қуаттылығы 8800 кВт теңеледі. Құрылымдық жылдамдығы сағатына 120 км құрайды. Жаңа машинада басқарудың және диагностиканың кешенді микропроцессорлық жүйесі қарастырылып отыр. KZ8A электровозында сондай-ақ, барлық замануи санитариялық-эргономиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына жауап беретін климат бақылауын басқарудың модульдік кабинасы да қарастырылған. Соқтығысу жағдайында қызметтік персоналды қорғау мақсатында электровоз кабинасының бас бөлігінде күшейткіш белбеу — ұялы абсорбер орнатылған», — делінген хабарламада.

Аталмыш локомотивтер ВЛ-80 сериясындағы электровоздардың орнын ауыстыратындықтан, олардың айтарлықтай экономикалық тиімділігі күтілуде. Атап айтқанда, электр қуатының, техникалық қызмет көрсетудің және, ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығындары азаятын болады.

Осы уақытта «Локомотив» АҚ филиалы — «Астана локомотив пайдалану депосының" жанынан машинистер мен нұсқаушы машинистер KZ8A сериясындағы электровозды басқару оқуларынан өтіп үлгерді. Оқыту курстары „Альстом“ зауытының мамандарымен жүргізілді. Жаңа локомотивтердің пультына алғашқылар болып отырған машинистер жете іріктеуден өткендерін атап өткен жөн.

2020 жылға дейін „Локомотив“ АҚ аталмыш сериядағы тағы 188 электровозды сатып алуды жоспарлап отыр.

Анықтама: 2010 жылдың 27 қазаны күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Франция еліне жасаған ресми сапары аясында „ҚТЖ“ ҰК» АҚ («Локомотив» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС), «Alstom Transport» және «Трансмашхолдинг» ЖАҚ арасында замануи электровоздарды жеткізу шарты жасалған болатын. Келісім «Локомотив» АҚ-мен 2013–2020жж. аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ біріккен кәсіпорны, «Alstom Transport» компаниясы мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ — «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС 200 жүк және 95 жолаушылар электровозын сатып алуды қарастырады.

BNews.kz

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер