Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1221 / 23.12.2013 00:00

Бір жолы әрі біржола

Защита локомотив пайдалану депосы Тимофеевтер жанұясы үшін екінші шаңыраққа айналды. Уақыт пен кәсіпорын атауы өзгеріп отырды. Алайда, Тимофеевтер жанұясының ер адамдары пойыздарды жүргізсе, әйелдері-де осы жерден жұмыс тапты. Майдангер Григорий Семеновичтен басталатын әулеттің бір-ақ «тармағын» алатын болсақ, оның өзі 150 жылдан асса керек. Бұл уақытқа басқа жақын туыстарды қосқанда, ол тағы жүз жылға өседі екен!

— Біздің әкеміз — Верх-Уба поселкесінің тумасы, — дейді тепловоз машинисі Петр Тимофеев. — Соғыс кезінде әкеміз зеңберікші болды. 1942 жылы ол Алматыдағы командирлер мектебін аяқтап, 112-миллиметрлік зеңбіректі меңгерді. Бұдан кейін тағы бес жыл әскерде борышын өтеді. Өзінің жаңа мамандығын таңдауға сындарлы қарады. Үйге қайтайын деп отырған әкеміз қызметтестерінен: «Жігіттер, ақшаны қайдан табуға болады?», — деп сұрайды. «Депоға бар, Григорий!» деген жауап алды. Әкеміздің жанұясы үлкен болды, оның үстіне ашаршылық жылдары бар. Ал депо маршрут бойынша әр сапар алдында азық беріп отырды. Әкеміз Защитағы депоға осылайша түсіп еді.

Бәрі осылай басталып еді

Сосын Григорий Семенович өз балаларымен кәсіпорынға орналасу жайлы жиі бөлісіп отырды.

— Әкеміз депоға орналасуға келгенде, оны қысқа шалбар киген бір ер адам қарсы алып, өзін кәсіпорын бастығы Фишбейн деп таныстырды. Әкемізге ең бірінші кезде: «Мынауың шалағай кәсіпорын ғой!» деген ой келді. Бастық әкемізден ол не істей алатынын сұрады. «Мен тек ата аламын», — деп жауап берді ол. «Оқасы жоқ! Сені бәріне-де үйретеміз!», — деп тіл қатты Фишбейн. Әкеміз алдымен паровозда пеш жағушы болып еңбек етіп, содан оны жүргізе бастады. Отбасын құрды. Ал Фишбейн болса, сұрапыл соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдары да депоның атақты бастығы болып атанды. Өзін күтпесе-де, кәсіпорынды жете басқарғаны үшін, қариялар арасында үлкен құрметке бөленді.

Балалық шағында Петр Тимофеев әкесі жүргізетін паровозға жиі баруды жақсы көрді. Бұл локомотивтің нөмірін-де өмір бойы есінде сақтап келеді: 73238 ЭМ.

— Үйлерінде отырған Защиталық әйелдер қауымы «өздерінің» паровоздарын ысқырық дыбысынан біліп отырды. Паровоз өтіп, белгі бергенде, машинис әйелі: «Бұл менің жұбайым кетті!», — деп отыратын.

Григорий Степанович депода 33 жыл еңбек етті. 1975 жылы әскерден (борышын Германияда өтеген) келген Петр Григорьевич те, сол жерге жұмысқа орналасты.

— Біз депоның қарама-қарсысында тұрдық. Бас кезінде онда жұмыс істеймін деп ойлаған жоқпын. Енді қарап отырсақ, қараша айында менің депода жұмыс істеп жүргеніме 38 жыл толады. 32 жыл бойы пойыздарда жұмыс атқарсам, олардың 25 жылын жолаушылар пойызына арнадым. Соңғы кездері Защита торабының маневрлік тепловозын жүргізіп жүрмін. Зейнеткерлікке шығуыма дейін небары бес-ақ ай қалды. Жазатын болсаңыздар, машинистерге 59 жасында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігін берген «Локомотив» АҚ-ына алғысымды білдіргім келеді. 63 жасқа дейін жұмыс істеу өте қиын.

Тепловоз — екінші үйім

Петр Тимофеевтің суреті Құрмет тақтасына ілінсе, оның еңбек кітапшасы алғыстар мен ынталандырулар жайлы мәліметтерге толы.

— Тепловоз менің екінші шаңырағыма айналды. Өйткені, онда көп уақыт өткіземін, — дейді Петр Григорьевич.

Әрине, пойыздарда ұзақ қызмет еткен ол көбін көріп, талайын естіген жан. Теміржол тәуекелдерге толы екені жасырын емес. Локомотивтерді жедел тоқтату жағдайлары жиі болып жатады.

— Серебрянский теліміндегі біздің бір машинисіміз қонжықты басып кеткен жағдай болды. Бір жасар өзі үлкен, өзі бақырып жатқан қонжықты тепловоз астынан шығару қайдан, — деп есіне түсіреді Петр Тимофеев. — Түнгі уақытта тепловоздың ашық тұрған әйнектеріне жапалақтар кіріп кетіп, маңдай шыныға соғылған жағдайлар қаншама. Ал теміржолға бір рет түскен ит одан шыға алмай, пойыздың астына түсіп жатады. Адамдардың өздері-де тыйым салынған жерлерде жүретіні жиі болады. Мас күйіндегілер, адасқандар, тіпті, оз ойларына батып келе жатқан әйелдер жақындап келе жатқан тепловозды байқамай қалады.

Жағымды өзгерістер аз болған жоқ

Петр Григорьевичке: „Соңғы он жылдың ішінде «Локомотив» АҚ-да қандай өзгерістер болды?» деген сұрақ қойдық.

— Бізде „Эволюшн» сериясындағы жаңа тепловоздар пайда болды. 2013 жылдың ақпан айында СКД замануи маневрлік тепловоздары келді. Зейнеткерлікке шығуымның алдында жаңа маневрлік тепловозда жұмыс істеу сәті түсті. «Локомотив» АҚ әрқашан гүлденіп, жақсы мамандары көп болсын деген тілегім бар. Жақсы машинис болу үшін, кем дегенде, он жыл керек.

Петр Тимофеев зейнеткерлік уақытын қалай өткізетінін-де ойлап тапты. Ол Ертіс бойындағы Ермаковка поселкесінде орналасқан өзінің саяжайында балық аулаумен және жеміс-жидектерді өсірумен айналысатын болады. Онда бос уақыт бола қалған кезде барып тұрады екен. «Жерлері неткен кемерет!», — дейді.

Қара-ала фотосуреттерде

Отбасылық фотосуреттерді тамашалау үшін оның апасы Татьяна Григорьевна қонаққа шақырды. Зейнеткерлікке 2007 жылы шыққан ол депо жанындағы химиялық зертханада отыз жыл жұмыс атқарған.

— Мына бір қара-ала фотосуреттен паровозда жұмыс істеп тұрған әкеміз Григорий Семеновичті көруге болады. Мына жерде әкеміз ТЭМ-3 тепловозының кабинасында отыр. Бұндай локомотивтер өндірістен баяғыда шығарылған, — деп көрсетеді суреттерді Татьяна Григорьевна. — Әкеміз жақсы отағасы болды деп айта аламын. Ал мейірімділігі мол анама менің барлық құрбыларым ғашық болды. Адалдық пен тәртіптілікті басты ұрандарына айналдырған ата-анамыз жұмысқа бар жауапкершілікпен қараған жандар. Еріншектер мен арамтамақтар отбасымызда болған емес.

Ольга УШАКОВА, Өскемен
Фотосуретті түсірген Виктор ВОЛОГОДСКИЙ
«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер