Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1369 / 23.12.2013 14:23

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап локомотив күші қызметтерінің тарифтері 2,22 пайызға өсетін болады

ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігі «Локомотив» акционерлік қоғамының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап локомотив күші қызметтерінің тарифтерін 2,22 пайызға арттыруды мақұлдады. Тарифтердің өсуі жүк, шаруашылық және маневрлік қозғалыстарда орын алады.

Тарифтерді арттыру — қажетті шара. Оған объективтік факторлар, атап айтқанда, электр қуаты құнының өсуі, электр қуатымен қамтуға, сонымен қатар локомотивтердегі электр қуаты мен отынның анық есебі мен бақылауына бағытталған «Электрдиспетчерлік күш» басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мен құрамына арналған жобаны жүзеге асыру қажеттілігі себеп.

Бұған қоса, тарифтің өсіміне әлеуметтік құрамдас бөлігі-де қосылды. «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5% көлемінде жұмыс беруші зиянды мамандықтар еңбеккерлерінің міндетті кәсіби зейнеткерлеік салымдарын жүзеге асыратын болады.

Тарифтерді жүктеу

Поделиться:
Популярные новости
2361 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер