Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Машинистерге мерекелік тарту
1173 / 14.12.2013 06:27

Машинистерге мерекелік тарту

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қандыағаш локомотив пайдалану депосының басшылығы машинстерге тамаша тарту жасады. Депо ғимараты жанынан санитарлық тұрмыстық корпус қолданысқа берілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған әлеуметтік бағдарлама аясында Қандыағаш локомотив пайдалану депосының машинистері мен машинист көмекшілері санитарлық тұрмыстық корпустың ашылуын қор қуанышпен қарсы алды. Жалпы ауданы 204 шаршы метр болатын нысанның ішінде 5 душ кабинасы мен 3 жуынатын орын бар. Бұл, бұрын өзге мекеменің демалыс орындарын пайдаланып келген локомотив бригадалары үшін тамаша тарту болғаны анық.
Қандыағаш локомотив пайдалану депосының бастығы Ерболат Құсниязовтың айтуынша, бүгінде мекемеде Әйтеке би, Никельтау айналма деполарын қоса есептегенде, 800 адамдай жұмысшы болса, соның 400-ге жуығы Қандыағаш депосында жұмыс жасайды.
- Мұндай кешен әсіресе машинистер мен машинист көмекшілеріне аса қажет. Сапардан оралған сайын, жұмыс киімдерін ауыстырып, тынықса да, енді депоның өз демалыс орнында тыныға алады. Жаңа санитарлық тұрмыстық корпуста 149 жәшік орнатылған. Машинистер киімдерін осында сақтай алады. Пойыз құрамдарын діттеген жерге жеткізген соң, машинист атаулыға демалу үшін уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде душқа түскеннің өзі жұмысшыларға сергектік сыйлайды, - дейді Ерболат Құсниязов.
Заманауи талапқа сай етіп салынған блок бүгінде бір шеті Әйтеке би, бір шеті Шұбарқұдық пен Жем станцияларына жолаушылар және жүк пойыздарын тасымалдайтын локомотив бригадалары үшін маңызы зор.
Ұжым басшылығы блоктың ашылуына орай салтанатты шара ұйымдастырып, онда локомотив депосындағы биыл атқарылған жұмыстардың, қол жеткізілген жетістіктерді де жариялады.
- Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барша халыққа, соның ішінде теміржолшылар қауымына ең ізгі тілектерді арнағым келеді. Еңбекте алда болсын, еңбектерінің жемісін көрсін. Өз кезегінде локомотив бригадаларына осындай қамқорлық танытып отырған Ұлттық компания мен «Локомотив» АҚ басшылығына ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді, - деп атап өтті Ерболат Құсниязов. Жаңа нысанның іске қосылуына орай, жаңа жұмыс орындары да ашылды. Үш кезекші мен бір аға кезекші санитарлық тұрмыстық корпустың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Локомотив шаруашылығының ардагері Ыбырай Бисалиев санитарлық корустың ашылу рәсімін жасап, ізбасарларына еңбекте табыс, өмірде бақыт тіледі.

Асқар Ақтілеу, Қандыағаш
"Казахстан теміржолшысы"
Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер